Перейти к содержанию
Сақтандыру қызметтерін тұтынушылар қауымдастығы
Бесплатно для потребителей +7 (727) 224 28 28
RU KZ EN

Мемлекеттік баж мөлшерлемелері

16 мамыр 2012 Оқу: 10 мин Қаралымдар: 2 268

Мемлекеттік баждың тіркелген пайыздық мөлшерлемелері айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізінде есептеледі.

Мемлекеттік баждың тіркелген пайыздық мөлшерлемелері, егер Салық кодексінде өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік баж төленген күні Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері негізге алына отырып есептеледі.

Соттардағы мемлекеттік баж мөлшерлемелері

Сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше іс жүргізу істері бойынша арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы, апелляциялық шағымға қосылу туралы арыздардан, сондай-ақ соттың құжаттардың көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені үшін мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:

  • мүліктік сипаттағы талап арыздардан:

    • жеке тұлғалар үшін - талап сомасының 1 %;

    • заңды тұлғалар үшін - талап сомасының 3 %;

  • мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз әрекеттеріне шағымдардан - 30 %;

  • мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз әрекеттеріне шағымдардан - 500 %;

  • салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаларға дау айту туралы талап арыздардан:

    • дара кәсіпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтары үшін - хабарламада көрсетілген, дау айтылып отырған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (өсімпұлдарды қоса алғанда) сомасының 0,1 %;

    • заңды тұлғалар үшін - хабарламада көрсетілген, дау айтылып отырған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (өсімпұлдарды қоса алғанда) сомасының 1 %;

  • некені бұзу туралы талап арыздардан - 30 %.

Некені бұзу кезінде мүлікті бөлу жағдайларында баж осы 1) тармақшаға сәйкес талап құнынан айқындалады.

  • белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп немесе психикалық ауруы не кемақылдылығы салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені бұзу кезінде мүлікті бөлу туралы талап арыздардан;

  • тұрғын үй-жайларды жалдау шартын өзгерту немесе бұзу туралы, мұраны қабылдау мерзімін ұзарту туралы, мүлікті тыйым салудан босату туралы талап арыздардан және мүліктік емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын өзге де талап арыздардан - 50 %;

  • ерекше іс жүргізу істері бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50 %;

  • төрелік соттардың шешімдерін, арбитраждық шешімдерді жою туралы өтінішхаттардан:

    • жеке тұлғалар үшін - талап сомасының 1 %;

    • заңды тұлғалар үшін - талап сомасының 3 %;

  • сот шешімдеріне апелляциялық шағымдардан - мүліктік емес сипаттағы талап арызды берген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің 50 %, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша - арыз беруші дау айтып отырған сома негізге алына отырып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінен;

  • сот бұйрығын шығару туралы арыздардан – осы 1) тармақшада көрсетілген мемлекеттік баж мөлшерлемелерінің 50 %;

  • атқару парағының телнұсқасын беру мәселесі бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сондай-ақ төрелік соттардың, шетелдік соттар мен арбитраждардың шешімдері бойынша атқару парақтарын бергені үшін - 500 %;

  • сот шешімдерінің, үкімдерінің, ұйғарымдарының, соттың өзге де қаулыларының көшірмелерін (телнұсқаларын), сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа да адамдардың өтініші бойынша соттар беретін істегі басқа да құжаттардың көшірмелерін қайта бергені үшін - әрбір құжат үшін 10 % және, бұдан басқа, дайындалған әрбір бет үшін 3 %;

  • заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан - 500 %.

Мүліктік және мүліктік емес сипаттағы талаптарды бір мезгілде қамтитын талап арыздар үшін мүліктік сипаттағы талап арыздар үшін және мүліктік емес сипаттағы талап арыздар үшін белгіленген мемлекеттік баж бір мезгілде алынады.

Нотариаттық әрекеттер жасағаны үшін, сондай-ақ құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін бергені үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері

  • қала жерінде жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстарды және өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшін:

    • егер тараптардың бірі заңды тұлға болса, - 1000 %;

    • құны 30 АЕК-ке дейін:

    • балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған бауырларына, немерелеріне - 100 %;

    • басқа адамдарға - 300 %;

    • құны 30 АЕК-тен асатын:

    • балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған бауырларына, немерелеріне - 500 %;

    • басқа адамдарға - 700 %;

    • егер мәміле ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша алынған қаражат есебінен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатында жасалса, - 200 %;

  • ауыл жерінде жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстарды және өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшін:

    • егер тараптардың бірі заңды тұлға болса, - 100 %;

    • балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған бауырларына, немерелеріне - 50 %;

    • басқа адамдарға - 70 %;

  • автомотокөлік құралдарын иеліктен шығару шарттарын куәландырғаны үшін:

    • егер тараптардың бірі заңды тұлға болса, - 700 %;

    • балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған бауырларына, немерелеріне - 200 %;

    • басқа адамдарға - 500 %;

  • жалдау, қарыз (ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттарын қоспағанда), кепілпұл, лизинг, мердігерлік шарттарын, неке шарттарын, ортақ меншіктегі мүлікті бөлу, мұралық мүлікті бөлу шарттарын, алимент төлеу жөніндегі келісімдерді, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшін - 500 %;

  • ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттарын куәландырғаны үшін - 200 %;

  • өсиеттерді куәландырғаны үшін - 100 %;

  • мұраға құқық туралы куәліктер бергені үшін - берілген әрбір куәлік үшін 100 %;

  • ерлі-зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік бергені үшін - 100 %; 

  • мүлікті пайдалану және оған билік ету құқығына сенімхаттарды куәландырғаны үшін - 50 %;

  • автокөлік құралдарын сату құқығынсыз пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырғаны үшін - 100 %;

  • автокөлік құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенімхаттарды куәландырғаны үшін - 200 %;

  • өзге де сенімхаттарды куәландырғаны үшін:

    • жеке тұлғалар үшін - 10 %;

    • заңды тұлғалар үшін - 50 %;

  • мұралық мүлікті қорғау жөнінде шаралар қолданғаны үшін - 100 %;

  • теңіз наразылығын жасағаны үшін - 50 %;

  • құжаттардың көшірмелерінің және құжаттардан үзінділердің дұрыстығын куәландырғаны үшін (бір бет үшін):

    • жеке тұлғалар үшін - 5 %;

    • заңды тұлғалар үшін - 10 %;

  • құжаттардағы қолдың түпнұсқалығын, сондай-ақ құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшін (әрбір құжат үшін):

    • жеке тұлғалар үшін - 3 %;

    • заңды тұлғалар үшін - 10 %;

  • жеке және заңды тұлғалардың арыздарын басқа жеке және заңды тұлғаларға бергені үшін - 20 %;

  • құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін бергені үшін - 20 %;

  • телнұсқа бергені үшін - 100 %;

  • банктерде шоттар ашу кезінде қолдардың түпнұсқалығын куәландырғаны үшін (әрбір құжат үшін):

    • жеке тұлғалар үшін - 10 %;

    • заңды тұлғалар үшін - 50 %;

  • ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылжымайтын мүлік кепілі, талап ету құқықтары және ипотекалық куәліктер шарттарын куәландырғаны үшін - 200 %; өзге де кепіл шарттарын куәландырғаны үшін - 700 %; 

  •  вексельге наразылық жасағаны және чектің төленбегенін куәландырғаны үшін - 50 %; 

  •  құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтағаны үшін - әрбір ай үшін 10 %;

  • кепілгерлік және кепілдік шарттарын куәландырғаны үшін - 50 %; 

  •  Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген басқа да нотариаттық әрекеттерді жасағаны үшін - 20 %.

Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер бергені үшін, сондай-ақ туу, неке қию, некені бұзу, қайтыс болу туралы актілер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәліктер бергені үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері

  • неке қиюды тіркегені үшін - 30 %;

  • некені бұзуды тіркегені үшін:

    • кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша - 200 %;

    • сот шешімі негізінде - 150 % (ерлі-зайыптылардың біреуінен немесе екеуінен);

    • белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп немесе психикалық ауруы не кемақылдылығы салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде - 10 %;

  • тегін, атын немесе әкесінің атын, ұлтын және жынысын ауыстыруды тіркегені үшін - 10 %;

    • осы негізде берілген жұбайының, балаларының әрбір құжаты үшін - 10 %;

  • туу, неке қию, некені бұзу, қайтыс болу туралы актілер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәліктер бергені үшін - 10 %;

  • азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер бергені үшін - 100 %;

  • шетел азаматтарының бала асырап алуын тіркегені үшін - 200 %.

Қайтыс болуды тіркеу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты куәліктер беру мемлекеттік баж алынбай жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге немесе шетелге шығуға байланысты әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері

  • шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқыққа виза бергені немесе оның мерзімін ұзартқаны үшін:

    • Қазақстан Республикасынан шығуға - 50 %;

    • Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан шығуға - 100 %;

  • шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекарадан бірнеше рет өту құқығына виза бергені үшін - 200 %;

  • Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан шығу және Қазақстан Республикасына келу құқығына арналған құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін - 100 %;

  • Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шетелден шақыру туралы құжаттар бергені үшін - шақырылатын әрбір адам үшін 50 %;

  • Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін - 100 %;

  • Қазақстан Республикасына шақыру туралы жоғалған не бүлінген құжаттардың орнына құжат бергені үшін - тиісінше осы 1), 2), 4) тармақшаларда көрсетілген мөлшерлерде.

Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның заңдық маңызы бар әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері

  •  алдын ала патент, патент, куәлік бергені үшін - 100 %;

  • танымал тауар белгісіне сертификат бергені үшін - 100 %;

  • өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру, кепіл, лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркегені үшін - 150 %;

  • патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттағаны үшін - 1 500 %;

  • патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлік бергені үшін - 100 %.

 

Өзге де әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері

  • тұрғылықты жерін тіркегені үшін - 10 %;

  • аң аулау құқығына рұқсаттар бергені үшін - 10 %; 

  • сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін және бекіре тұқымдас балықтарды, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар бергені үшін - 200 %;

  • мыналарды бергені үшін:

    • Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін - 400 %;

    • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, уақытша жеке куәлікті - 20 %;

  • мыналарды бергені үшін:

  • заңды тұлғаларға:

    • азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсатты - 200 %;

    • азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсатты - 200 %;

    • азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсатты - 100%;

    • азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсатты - 100 %;

    • азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсатты - 200 %;

    • азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдаманы - 100 %;

  • жеке тұлғаларға:

    • азаматтық қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсатты - 50 %;

    • азаматтық қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсатты - 50 %;

    • азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсатты - 50 %;

    • мыналарды бергені үшін:

    • жеке тұлғаларға:

    • азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсатты - 50 %;

    • азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсатты - 50 %;

    • азаматтық қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсатты - 10 %;

    • азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдаманы - 50 пайыз;

  • жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін (аңшылық суық қаруды, белгі беретін қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық бүріккіштерді, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған аэрозольдық және басқа да құрылғыларды, ұңғы ауызындағы энергиясы 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 мм-ге дейінгі қоса алғанда пневматикалық қаруды қоспағанда) - 10 %;

  • жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін - 10 %;

  • Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға апостиль қойғаны үшін - 20 %;

  • мыналарды бергені үшін:

    • жүргізуші куәлігін - 125 %;

    • көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті 125 %;

    • автомобильге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін 280 %;

    • мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін - 140 %;

    • көлік құралын айдап апаруға арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (транзиттік) - 35 %;

  • мыналарды бергені үшін:

    • тракторшы-машинист куәлігін - 50 %;

    • тракторларға, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, оларға арналған тіркемелерге, оның ішінде арнаулы жабдық орнатылған тіркемелерге, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін - 100 %;

    • тракторларды, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға арналған тіркемелерді, оның ішінде арнаулы жабдық орнатылған тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін мемлекеттік тіркеу үшін техникалық паспортты - 50 %.

Тақырып бойынша тағы

Заңдар және нормативтік актілер13 тамыз 2013

Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидалары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 қаулысы Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидалары туралы Жүктеп алу - postanovlenie-pravitelstva-rk-ot-30-iyunya-2005-go...