- Абандон
- Сақтанушының сақтандырылған мүлікке өз құқықтарынан сақтандырушының пайдасына бас тартуы және бұл үшін толық сақтандыру сомасын алуы. Сақтанушы сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде өзі шеккен залалдардың көлемін дәлелдеу міндетінен босау үшін абандонға жүгінеді.
- Авариялық комиссар
- Сақтанушымен келісім бойынша сақтандыру залалдарының себебін, сипаты мен мөлшерін анықтайтын сарапшы, сақтандырушының уәкілетті өкілі.
- Автокөлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру
- Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру – тұлғаның көлік құралын пайдалануына байланысты үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты оның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін, тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғандағы сақтандыру түрлерінің жиынтығы
- Агенттік сыйақы
- Тапсырма шартының талаптарына сәйкес агенттің сақтандыру компаниясының мүддесінде және атынан тиісті міндеттерді (тапсырмаларды) орындағаны үшін көрсетілген қызметтеріне ақы төлеу.
- Аддендум
- Бұрын жасалған сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына жазбаша толықтыру, онда шарттардың бұрын келісілген талаптарына тараптар арасында келісілген өзгерістер қамтылады. Сақтандыру тарифінің өзгеруіне және осы полис бойынша тиісті өзара есеп айырысуларға әкелуі мүмкін.
- Аджастер
- Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері, оның функцияларына сақтандыру төлемі туралы өтінішті қарау және сақтандыру жағдайынан келген залалды бағалау кіреді
- Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру
- Тұлғаның үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты оның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін, барлық сақтандырылған тәуекелдер бойынша сақтандыру түрлерінің жиынтығы
- Айдап әкету
- Автомобильді немесе өзге көлік құралын ұрлау мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу
- Актуарий
- Уәкілетті органның лицензиясы бар, міндеттемелердің мөлшерлерін, сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлемелерін экономикалық-математикалық есептеуге байланысты қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі мен қаржылық орнықтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында оның жүргізіп отырған және жүргізуге жоспарланған сақтандыру түрлерінің пайдалылығы мен кірістілігін бағалауды жүргізетін жеке тұлға
- Актуарлық есептеулер
- Сақтандыру резервтерін есептеу кезінде актуарий қолданатын экономикалық-математикалық есептеу әдістері
- Андеррайтер
- Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері, оның функцияларына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіреді
- Ауру
- Жарақаттан туындамаған, диагноз қоюға мүмкіндік беретін объективті белгілері бар денсаулық жағдайының кез келген бұзылуы.
- Бенефициар
- Пайда алушы, яғни шарт немесе өзге де заңды негіз бойынша игіліктерді пайдаланатын тұлға, оның ішінде мүддесінде сенімгерлік меншік жүзеге асырылатын тұлға, аккредитив немесе сақтандыру полисі бойынша ақша алушы. Сақтандыру брокері — сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкілдік ететін немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызметтер көрсету жөнінде делдалдық қызметті, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға
- Брутто-мөлшерлеме
- Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлейтін, нетто-мөлшерлемеден және, мысалы, сақтандырушының сақтандыру операцияларын жүргізуге арналған әкімшілік шығыстарын, күтпеген шығыстарды және пайданы жабу үшін пайдаланылатын жүктемеден тұратын сақтандыру тарифі
- Бірлесіп сақтандыру
- Сақтандыру тәуекелдерін сақтандыру шарты бойынша бірнеше сақтандыру ұйымының бір мезгілде қабылдауына байланысты, олардың жауапкершілігі өздері арасында жасалған бірлесіп сақтандыру шартына сәйкес бөліне отырып туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар
- Дене жарақаты
- Сақтандырылған адам сақтандыру шартының қолданылу кезеңі ішінде алған, басқа себептерге қарамастан, еңсерілмейтін, кездейсоқ, айқын сыртқы әсер нәтижесінде тікелей келтірілген ағзаның физикалық тұтастығының бұзылуы
- Диспашер
- Ішкі су көлігі саласында білімі мен тәжірибесі бар, диспашаны, яғни тасымалдауға қатысушы тараптар арасында бөлінетін ортақ авария бойынша залалдарды айқындау есебін жасайтын тұлғалар
- ЕМС
- Ерікті медициналық сақтандыру
- Ерікті сақтандыру
- Тараптардың ерік білдіруі бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерікті сақтандырудың түрлері, талаптары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады.
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау қабілетінің уақытша төмендеу деңгейі
- Еңсерілмейтін күш
- Табиғи құбылыстар, әскери іс-қимылдар және т.б. сияқты төтенше және болғызбау мүмкін емес мән-жайлар.
- Жазатайым оқиға
- Адамның еркінен тыс кенеттен орын алған, сақтандырылған адамның ағзасына сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термиялық әсер ету нәтижесінде оның денсаулығына зиян келтіруге, мертігуге не қайтыс болуына әкеп соққан оқиға (жағдай).
- Жарақат
- Сыртқы (негізінен механикалық, термиялық) әсерден туындаған, адам ағзасы тіндерінің тұтастығы мен функцияларының бұзылуымен қатар жүретін зақымдануы
- Жауапкершілік
- Шарттың талаптарында көзделген сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру өтемін немесе сақтандыру сомасын төлеу міндеті
- Жеке сақтандыру
- Өмірді, денсаулықты, еңбекке қабілеттілікті және азаматтың жеке басына байланысты өзге де мүліктік мүдделерді сақтандыру. Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі де, шартта аталған басқа тұлға (сақтандырылушы) да сақтандырылуы мүмкін
- Жеке сақтандыру шарты
- Сақтандыру объектісі өмір, денсаулық, еңбекке қабілеттілік немесе азаматтың жеке басына байланысты өзге де мүліктік мүдделер болып табылатын сақтандыру шарты. Жеке сақтандырудың объектілері азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келген мүліктік мүдделері, оның ішінде мыналарға байланысты мүдделер болуы мүмкін: 1) азаматтардың белгілі бір жасқа немесе сақтандыру шартында белгіленген мерзімге дейін жетуі, қайтыс болуы, азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың басталуы; 2) жазатайым оқиғалар мен өзге де оқиғалар, аурулар нәтижесінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру; 3) мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету; 4) басқа тұлғаларға, оның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу міндеті.
- Жинақтаушы сақтандыру
- Жинақтаушы сақтандыру — сақтандыру жағдайы басталған кезде, оның ішінде сақтандыру шартында белгіленген кезең өткенде не сақтандыру шартында көзделген өзге оқиға басталғанда, олардың қайсысы бірінші басталатынына қарай сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру. Жинақтаушы сақтандыру шарттары тек жеке сақтандыру бойынша ғана жасалуы мүмкін
- Жылжымалы мүлік
- Жылжымайтын мүлікке жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша және бағалы қағаздар
- Жүктерді сақтандыру
- Тұлғаның жүкті, оның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің барлық басқа түрлерін иеленуге, пайдалануға, оларға билік етуге байланысты мүліктік мүдделеріне олардың тасымалдау тәсіліне қарамастан зақымдануы, жойылуы, жоғалуы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы
- Залал
- Сақтандыру жағдайы нәтижесінде сақтандыру объектісіне келтірілген, сақтандырушы өтеуге тиіс нұқсан
- Залалдарды азайту міндеті
- Мүліктік сақтандыру шартында көзделген сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушы (сақтандырылушы) ықтимал залалдардың алдын алу немесе оларды азайту үшін қалыптасқан жағдайларда орынды және қолжетімді шараларды, оның ішінде сақтандырылған мүлікті құтқару және сақтау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті
- Залалды азайту
- Сақтанушы барлық жағдайда өз мүлкі сақтандырылмаған сияқты әрекет етуге және залал сақтандыру талаптары бойынша өтелуге жатуы мүмкін болғанына қарамастан, залалды азайту немесе оның алдын алу жөнінде өзіне байланысты барлық шараларды қабылдауға міндетті
- Карго
- Жүкті тасымалдау кезінде сақтандыру
- Кезек күттірмейтін медициналық көмек
- Денсаулыққа елеулі зиянның алдын алу немесе өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күйлер туындаған кезде медициналық көмек көрсету нысаны
- Ковернот
- Қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтандыруға қабылдаған тәуекел үлесіне қатысты міндеттемесін растайтын, сақтандыру брокері әрбір жекелеген қайта сақтандыру шартына қатысты ресімдейтін құжат; онда қайта сақтандыру шартының негізгі талаптары көрсетіледі және оған қайта сақтандыру ұйымы өзінің толық атауын көрсете отырып, қайта сақтандыруға қабылдаған тәуекел үлесі (сақтандыру сомасының бөлігі) туралы белгі (уәкілетті тұлғаның қолы не мөр) қояды. Қайта сақтандыру ковернотасы халықаралық сақтандыру нарығының іскерлік айналымында қабылданған практикаға сәйкес жасалады
- Котировка
- Сақтандырушы тиісті тәуекелді сақтандыруға қабылдауға дайын болатын сыйлықақы мөлшерлемесі. Котировка сақтандырудың барынша қолайлы талаптарын анықтау мақсатында бірнеше сақтандырушыдан алынуы мүмкін
- Міндетті сақтандыру
- Заңнамалық актілердің талаптары бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру; егер сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, оның талаптары тараптардың келісімімен айқындалады. Міндетті сақтандыру шарты осы сақтандыру түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін
- Мүгедектік
- Ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен жүретін денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі
- Мүлікті сақтандыру
- Мүлікті және онымен байланысты мүліктік мүдделерді сақтандыру. Мүлікті сақтандыру кезінде мүліктің және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтардың жоғалу (жойылу), кем шығу немесе бүліну тәуекелі сақтандырылады
- Мүлікті сақтандыру
- Тұлғаның мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты мүліктік мүдделеріне мүліктің зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы
- Мүлікті сақтандыру шарты
- Сақтандыру объектісі мүлік және онымен байланысты мүліктік мүдделер болып табылатын сақтандыру шарты. Мүлікті сақтандыру кезінде мүліктің және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтардың — заттардың, ақшаның, оның ішінде шетел валютасының, қаржы құралдарының, жұмыстардың, қызметтердің, шығармашылық зияткерлік қызметтің объективтендірілген нәтижелерінің, фирмалық атаулардың, тауар таңбаларының және бұйымдарды дараландырудың өзге де құралдарының, мүліктік құқықтардың және басқа да мүліктің жоғалу (жойылу), кем шығу немесе бүліну тәуекелі сақтандырылады.
- Нетто-мөлшерлеме
- Сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға арналған ресурстарын қалыптастыруға арналған брутто-мөлшерлеменің бөлігі
- Нұқсан
- Зиян келтіру немесе оларға қатысты қабылданған міндеттемелерді орындамау салдарынан заңды және жеке тұлғалардың мүлкін жоғалту түріндегі залалдар, күтпеген шығыстар, мүлік пен ақшаның жоғалуы, алынбай қалған пайда не зиян
- Облигаторлық қайта сақтандыру
- Қайта сақтанушы (цедент) мен қайта сақтандырушы арасындағы келісім, оның талаптарына сәйкес қайта сақтандыру жабыны қолданылатын белгілі бір сақтандыру түрінің (немесе өзге белгілері бойынша – ұқсас мүліктік мүдделер, сақтанушылар немесе сақтандыру тәуекелдері бойынша біріктірілген) шарттары бойынша сақтандыру жағдайлары басталған кезде қайта сақтандырушыда қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесі туындайды, ал қайта сақтанушы қайта сақтандырушыға осындай барлық сақтандыру шарттары бойынша оның пайдасына тиесілі қайта сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, сондай-ақ осы шартта көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндеттенеді
- Пайда алушы
- Сақтандыру шартына немесе міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерге сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға.
- Пропорционалды емес қайта сақтандыру
- Қайта сақтанушы жасасқан сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері осы төлемдегі оның өзіндік ұстап қалуынан асқан жағдайда, қайта сақтандырушының қайта сақтандыру шартында белгіленген сома шегінде қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесін көздейтін қайта сақтандыру шартының талабы
- Пропорционалды қайта сақтандыру
- Қайта сақтандыру шартының қайта сақтандырушының қайта сақтанушы жасасқан тікелей сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің шартта белгіленген пайызы мөлшерінде қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесін көздейтін талабы
- Редукцияланған сақтандыру сомасы
- Сақтанушының кезекті сақтандыру жарналарын төлеуді мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты азайтылған, өмірді сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы. Редукцияланған сақтандыру сомасында шарт сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін жарналарды одан әрі төлемей-ақ қолданылуын жалғастырады
- Резервтік қор
- Сақтандырушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес инвестициялау мақсатында сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (залал) есебінен, басқару нәтижесінде сақтандырушы шеккен шығыстарды ескере отырып қалыптастыратын ақша сомасы
- Рента
- Шартта белгіленген мерзім ішінде сақтандыру қамтамасыз етуі (тұрақты табыс) ретінде шартта көрсетілген мөлшерде сақтандырушы мерзімді түрде төлейтін сома немесе сомалар. Төлемдер шартта көзделген сақтандыру жағдайының (жағдайларының) басталуына байланысты – мысалы, шартта уағдаластырылған жасқа толғанда – немесе сақтандыру қағидаларында көзделген жағдайда (жағдайларда) жүргізіледі
- Ретроцессия
- Қайта сақтандырушының өзі қабылдап қойған тәуекелдің бір бөлігін басқа қайта сақтандырушыларға беруі
- Сатып алу сомасы
- Жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушы алуға құқылы ақша сомасы
- Сақтандыру
- САҚТАНДЫРУ (insurance) – зардап шегушіге ықтимал залалдардың өтелуіне кепілдік беру арқылы тәуекелді азайту тәсілі. Залалдар залалдан қауіптенетін сақтанушылардың жарналары есебінен қалыптастырылатын және олардың өтелуіне кепілдік беретін сақтандырушының басқаруындағы сақтандыру қорынан өтеледі. Сақтандыру – қызмет көрсету саласының аса маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Сақтандыру жаңа тауарлар жасамаса да, кез келген сақтанушының залалдарын сақтандыру қорының барлық қатысушылары арасында бөлу олардың қызметін неғұрлым қауіпсіз етеді. Сақтандырусыз белгісіздік пен тәуекелге байланысты өндірістік қызметтің көптеген түрлері мүмкін болмас еді.
- Сақтандыру бағалауы
- Сақтандыруға қабылданатын немесе қабылданған жылжымалы және жылжымайтын мүліктің нақты құнын айқындау процесі. Сақтандыру бағалауы негізінде сақтандыру сомасы есептеледі, келтірілген залалдың көлемі және сақтандыру төлемінің мөлшері айқындалады
- Сақтандыру валютасы
- Сақтандыру жасалған валюта. Сақтандыру валютасында сыйлықақы төленуге және сақтандыру өтемінің сомалары төленуге тиіс. Сақтандыру шартында міндетті түрде көрсетіледі
- Сақтандыру жағдайы
- Басталуы кезінде сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға
- Сақтандыру жағдайының ықтималдығы
- Жекелеген сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру өтемі төленетін сақтандыру жағдайының басталу мүмкіндігін сандық бағалау. Сақтандыру жағдайының ықтималдығы сақтандыру тарифтерін, мөлшерлемелерді, сыйлықақыларды, оларға жеңілдіктер мен үстемелерді белгілеу үшін негіз болып табылады.
- Сақтандыру компаниясының агенті
- Сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізілген және тапсырма шарты негізінде бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөнінде делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға
- Сақтандыру лимиті
- Сақтандыру шартында көрсетілген, шегінде сақтандырушы сақтанушының (үшінші тұлғалардың) алдында жауапты болатын сақтандыру сомасы
- Сақтандыру мүддесі
- Сақтандыруға материалдық мүдделіліктің өлшемі.
- Сақтандыру нарығы
- Сақтандыру қорғауына деген қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру процесінде «сақтандыру жабыны» деген ерекше тауарды сатып алу-сату кезінде туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі
- Сақтандыру объектісі
- Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келген мүліктік мүдделері, оның ішінде: 1) азаматтардың белгілі бір жасқа немесе сақтандыру шартында белгіленген мерзімге дейін өмір сүруімен, қайтыс болуымен, азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың басталуымен; 2) жазатайым оқиғалар мен өзге де оқиғалар, аурулар нәтижесінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен; 3) мүлікті иеленумен, пайдаланумен және оған билік етумен; 4) басқа адамдарға, оның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу міндетімен байланысты мүдделер.
- Сақтандыру полисі
- Сақтандырушы сақтанушыға беретін және сақтандыру шарты болып табылатын құжат. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру полистерінің бланкілерінде қолдан жасаудан қорғаудың кемінде үш дәрежесі болуы тиіс, олардың ішінде микромәтін, ультракүлгін сәулелердің әсерінен анықталатын көрінбейтін элемент және тангир торы міндетті болып табылады. Сақтандыру полисі бланкісінің мәтіні екі тілде: мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы тиіс
- Сақтандыру сыйлықақысына үстеме
- Күтілетін мәндерден кездейсоқ ауытқу тәуекелін көрсететін нетто-мөлшерлеменің бөлігі
- Сақтандыру тарифі
- Сақтандыру жабыны бірлігінің құны. Сақтандыру тарифтерін есептеу әдістері сақтандыру тарифінің мынадай құрамдас бөліктерін айқындайды: 1) нетто-мөлшерлеме; 2) тәуекелдік үстеме; 3) жүктеме; 4) брутто-мөлшерлеме.
- Сақтандыру түрлері
- Сақтандыру ұйымы әзірлейтін және сақтандыру шартын жасасу арқылы бір немесе бірнеше сақтандыру сыныбы шегінде сақтанушыға ұсынатын сақтандыру өнімі
- Сақтандыру шарты
- Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.
- Сақтандырушы
- Сақтандыру шарты бойынша белгілі бір сыйақы (сақтандыру сыйлықақысы) үшін сақтанушыға немесе пайдасына сақтандыру жасалған басқа адамға шартта ескертілген сақтандыру жағдайларының басталуы нәтижесінде туындаған залалдарды өтеу міндеттемесін өзіне қабылдайтын заңды тұлға
- Сақтандырушы жауапкершілігінің лимиті
- Сақтандыру шартының талаптарынан туындайтын сақтандырушының ең жоғары жауапкершілігі.
- Сақтандыру қадағалауы
- Мемлекеттік органдар жүзеге асыратын сақтандыру нарығына қатысушылардың қызметін бақылау
- Сақтандыру қамтамасыз етуі
- Мүліктік сақтандыруда – сақтанушының жекелеген объектілері немесе бүкіл мүлкі сақтандырылған соманың абсолюттік (құндық) көрінісі. Сақтандыру қамтамасыз етуі ұғымы сақтандыру ұйымының өзі жүргізетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы бойынша жалпы міндеттемелерін бағалау үшін де қолданылады
- Сақтандырылушы
- Өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға
- Суброгация
- Егер мүліктік сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға төленген сома шегінде сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандыру нәтижесінде өтелген залалдар үшін жауапты адамға қоятын талап ету құқығы ауысады. Алайда залалдарды қасақана келтірген адамға талап ету құқығының сақтандырушыға ауысуын болдырмайтын шарт талабы жарамсыз болады
- Сыйлықақы
- Сақтанушы сақтандырушыға соңғысының сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемелерін өзіне қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы
- Сюрвейер
- Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ақылы қызмет көрсету шартына сәйкес қызмет көрсететін, функцияларына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру объектісін алдын ала қарап-тексеру және бағалау кіретін заңды тұлға
- Тантьема
- Қайта сақтандырушылардың қайта сақтанушыны оларға қайта сақтандыру шартына қатысу мүмкіндігін бергені үшін көтермелеу нысаны. Қайта сақтандырушы өзі қатысатын қайта сақтандыру шарттарынан алған таза пайда сомасынан белгілі бір пайыз мөлшерінде жыл сайын төленеді
- Тапсырма шарты
- Тараптар арасында жазбаша нысанда жасалатын шарт, оған сәйкес бір тарап (сақтандыру агенті) сыйақы үшін екінші тараптың (сақтандыру ұйымының) атынан және тапсырмасы бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасында және сақтандыру компаниясының ішкі құжаттарында көзделген өкілеттіктер шегінде сақтандыру шарттарын жасасу жөнінде делдалдық қызметтер көрсетуге міндеттенеді.
- Теңіз сақтандыруы
- Теңіз кәсіпорнына қатысушылардың мүліктік мүдделерін тасымалдаушының жолаушының өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілігіне, қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі тасымалдаушының жауапкершілігіне, сондай-ақ кемелерден мұнаймен теңізді ластаудан келген залал үшін жауапкершілікке (екі мың және одан көп тонна көлемінде мұнай тасымалдау кезінде) байланысты тәуекелдерден қорғау. Сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі, залал келгенге дейінгі және одан кейінгі тараптардың өзара қарым-қатынастары және т.б. заңнамалық актілермен және сақтандыру шартының талаптарымен айқындалады.
- Тонау
- Бөтеннің мүлкін ашық ұрлау
- Топтық сақтандыру
- Топтық сақтандыру кезінде бір сақтандыру шартымен бір мезгілде пайда алушылар болып табылатын бірнеше сақтандырылушы қамтылады.
- Тәуекел
- Сөзсіз емес, ықтимал сипаттағы және залалдардың себебі бола алатын кездейсоқтықтар немесе қауіптер; белгілі бір шығын деңгейінің туындау жиілігімен, ықтималдығымен өлшенеді. (Мүліктің) КЕЗДЕЙСОҚ ҚҰРУ ТӘУЕКЕЛІ – мүліктің міндеттеме тараптарына байланысты емес себептермен (кездейсоқ жағдай, еңсерілмейтін күш) құруына немесе бүлінуіне байланысты залал шегу ықтималдығы тәуекелі.
- Факультативтік қайта сақтандыру
- Қайта сақтанушы (цедент) мен қайта сақтандырушы арасындағы келісім, оның талаптарына сәйкес қайта сақтандыру жабыны қолданылатын сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде қайта сақтандырушыда қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесі туындайды, ал қайта сақтанушы қайта сақтандырушыға қайта сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, сондай-ақ осы шартта көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндеттенеді
- Франшиза
- Сақтандыру талаптарында көзделген, мүлікті сақтандыратын тұлға залалдарының сақтандырушы өтеуге жатпайтын бөлігі. Сақтандыру сомасына пайызбен не абсолюттік мөлшерде белгіленеді. Франшизаның екі түрі болады: шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін). Бірінші жағдайда сақтандырушы франшизаның белгіленген сомасынан аспайтын залал үшін жауапкершіліктен босатылады, бірақ егер залалдың мөлшері осы сомадан асса, оны толық өтеуге тиіс. Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайда белгіленген сома шегеріле отырып өтеледі.
- Фронтинг
- Тәуекелдерді толығымен (100%) басқа сақтандыру немесе қайта сақтандыру компанияларына беру мақсатында сақтандыруға немесе қайта сақтандыруға қабылдау, көбінесе соңғыларының өтініші бойынша тиісті сыйақыға
- Цедент
- Тәуекелді орналастыратын, тәуекелді қайта сақтандыруға беретін сақтандыру компаниясы
- Цессионарий
- Тәуекелді қайта сақтандыруға қабылдайтын сақтандыру компаниясы (қайта сақтандырушы)
- Цессия
- Өзінің меншікке, қаражатқа иелік ету немесе оларды алу құқығын басқа тұлғаларға беру, басқаға табыстау (талап ету құқығын басқаға беру). Тәуекелді қайта сақтандыруға беруді белгілеу үшін қолданылады. Бұл жағдайда қайта сақтанушы цедент рөлінде, ал қайта сақтандырушы цессионарий рөлінде болады
- Шартсыз франшиза
- Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайда белгіленген соманы шегере отырып өтеледі. Франшиза сақтандыру сомасына пайызбен не абсолюттік мөлшерде белгіленеді.
- Шығындылық
- Сақтандыру компаниясының белгілі бір уақыт ішінде ақшалай түсімдер шығыстарды өтемейтін, пайда құралмайтын, борыш ұлғаятын қаржылық жай-күйі
- Шұғыл медициналық көмек
- Жедел аурулары немесе жарақаттары бар пациенттерге емдеудің барлық кезеңдерінде (емхана — жедел медициналық жәрдем — стационар) білікті медициналық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар кешені
- Эксцедент
- Қайта сақтандыру жүйесі, оған сәйкес сақтандыру ұйымы сақтандыруға қабылдаған тәуекелдердің бір бөлігін қайта сақтандыруға береді
- Қайта сақтандыру
- Бір жағынан, қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерінің барлығын немесе бір бөлігін қайта сақтандыруға беруіне, екінші жағынан, қайта сақтандыру ұйымының осы тәуекелдерді олардың арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар
- Қайта сақтандыру шарты
- Бір тұлға (қайта сақтандырушы) белгілі бір ақы (қайта сақтандыру сыйлықақысы) үшін басқа тұлғаның (қайта сақтанушының) тәуекелінің белгіленген үлесін өз жауапкершілігіне қабылдауға міндеттенетін шарт. Пропорционалды қайта сақтандыру — қайта сақтандыру шартының қайта сақтандырушының қайта сақтанушы жасасқан тікелей сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің шартта белгіленген пайызы мөлшерінде қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесін көздейтін талабы
- Қарақшылық
- Бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында жасалған, шабуылға ұшыраған адамның өмірі немесе денсаулығы үшін қауіпті күш қолданумен немесе осындай күшті тікелей қолдану қатерін төндірумен ұштасқан шабуыл
- Қорқыныш
- Қорқыныш – индивидтің биологиялық немесе әлеуметтік өмір сүруіне қатер төнген жағдайларда туындайтын және нақты немесе елестетілген қауіптің көзіне бағытталған эмоция. Өмір сүруге қауіпті факторлардың нақты әсерінен туындайтын ауырсыну мен азаптың басқа түрлерінен айырмашылығы, қорқыныш оларды алдын ала сезген кезде пайда болады. Қатердің сипатына қарай қорқыныш сезімінің қарқындылығы мен ерекшелігі реңктердің айтарлықтай кең ауқымында (сескену, үрейлену, шошу, зәре ұшу) өзгеріп отырады. Функционалдық тұрғыдан қорқыныш субъектіні алда тұрған қауіп туралы ескертуге қызмет етеді, назарды оның көзіне шоғырландыруға ықпал етеді және одан құтылу жолдарын іздеуге итермелейді. Қорқыныш аффект күшіне жеткен жағдайда (дүрбелеңді қорқыныш, үрей) ол түрге тән мінез-құлық стереотиптерін (қашу, сілейіп қату, қорғаныстық агрессиялық мінез-құлық) таңуға қабілетті. Қорқыныш реакциясы филогенездің де, онтогенездің де ең ерте сатыларында үйренудің айқын ықпалынсыз пайда болады. Бастапқыда оны генетикалық тұрғыдан бекітілген шартсыз тітіркендіргіштер (мысалы, кенеттен болған қарқынды стимул, ауырсыну, жаңалық) тудырады, алайда қорқыныштың із қалдыруға (шарттануға) деген айқын бейімділігі салдарынан, ол көбінесе импринтинг түрі бойынша жүретіндіктен, оны тудыратын әсерлердің ауқымы тез кеңеюі мүмкін. Адамның әлеуметтік дамуында қорқыныш тәрбие құралдарының бірі ретінде көрінеді: мысалы, қалыптасқан моральдық немесе қылмыстық айыптаудан қорқу мінез-құлықты реттеу факторы ретінде пайдаланылады. Қоғам жағдайында индивид құқықтық және басқа да әлеуметтік институттардың қорғауын пайдаланатындықтан, адамның қорқынышқа жоғары бейімділігі бейімделушілік мәнін жоғалтады және дәстүрлі түрде теріс бағаланады. Қалыптасқан қорқыныш реакциялары салыстырмалы түрде тұрақты болып келеді және олардың мағынасыздығын түсінген кезде де сақталуы мүмкін. Сондықтан қорқынышқа төзімділікті тәрбиелеу әдетте адамды одан арылтуға емес, ол болған кезде өзін-өзі ұстай білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталады. Қорқыныштың барабар емес реакциялары түрлі психикалық ауруларда (мысалы, фобияларда) байқалады.
- Қосарланған сақтандыру
- Қосарланған (көпше) сақтандыру — бір объектіні әрқайсысымен жеке шарттар бойынша бірнеше сақтандырушыда сақтандыру. Мүлікті қосарланған сақтандыру кезінде әрбір сақтандырушы сақтанушының алдында онымен жасалған шарт шегінде жауапты болады, алайда сақтанушының барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы нақты залалдан аспауға тиіс. Бұл ретте сақтанушы кез келген сақтандырушыдан онымен жасалған шартта көзделген сақтандыру сомасы көлемінде сақтандыру төлемін алуға құқылы. Алынған сақтандыру төлемі нақты залалды жаппаған жағдайда, сақтанушы жетпейтін соманы басқа сақтандырушыдан алуға құқылы
- Ұрлық
- Мүлікті жасырын ұрлау
- Өзара сақтандыру
- Сақтандыру нысандарының бірі, онда әрбір сақтанушы өзара сақтандыру қоғамының, яғни өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативі ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғаның мүшесі болып табылады
- Өзара сақтандыру қоғамы
- Өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативі ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға
- Өзіндік ұстап қалу
- Сақтандырушы немесе қайта сақтанушы (цедент) сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебінен жауапты болатын жауапкершілік көлемінің бөлігі
Ештеңе табылмады. Басқа сөзді қолданып көріңіз.