Мүлікті сақтандыру
10 тамыз 2011 Оқу: 3 мин Қаралымдар: 5 276
Мүлікті сақтандыру полисімен нені қорғай аласыз
Жылжымайтын мүлік
- Тұрғын үй жылжымайтын мүлкі (пәтер, үй, коттедж, аулалық құрылыстарды қоса алғанда)
- Коммерциялық жылжымайтын мүлік (кеңсе ғимараты мен үй-жайы, өндірістік үй-жай, қойма, сауда ғимараты мен үй-жайы және т.б.)
- Үй-жайлардың ішкі әрлеуі (қабырғалар, терезелер, есіктер) және үй-жайлардың жабдықтары
- Жиһаз; аудио-, бейне-, тұрмыстық техника және т.б.
- Компьютерлік және кеңсе техникасы
- Өндірістік және технологиялық жабдықтар
- Сауда және мейрамхана жабдықтары
- Қоймадағы шикізат пен тауар
- Тұрақты күйдегі көлік құралдары
- Үй-жайларды пайдалану кезінде үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілік. Мысалы, көршілер алдындағы жауапкершілікті сақтандыру.
Мүлікті сақтандыру полисі қандай қауіптерден қорғайды
Сумен су басу. Су құбыры, кәріз құбырлары және жылыту құбырлары ең қолайсыз сәтте істен шығуы мүмкін. Сондықтан су басу — кез келген адамның басына түсуі мүмкін кең таралған жағдай. Оның үстіне, Сіздің құбырларыңыз бүтін болса да, көршілеріңіздікі берік болмай шықса, суға басылуыңыз мүмкін. Сақтандыру төлемін алу үшін сақтандыру жағдайын тіркеу үшін апаттық комиссарды шақыру қажет.
Өрт. Негізгі тәуекелдер тобына жатады. От өте тез таралады, сондықтан жолында кездескеннің бәріне елеулі залал келтіреді. Біз әр түрлі себептермен туындаған өрттен тұрғын үйді және басқа мүлікті сақтандыру мүмкіндігін ұсынамыз. Сақтандыру төлемін алу үшін кез келген жағдайда сақтандыру жағдайын тіркеуі үшін өрт сөндірушілерді және апаттық комиссарды шақыруыңыз қажет.
Газдың жарылуы. Мұндай жағдайдың, әдетте, үлкен қиратушы салдары болады. Ол сондай-ақ адамдар ағзасының улануына ықпал ететін зиянды заттардың таралуымен қауіпті. Газ жарылған кезде акт жасап, жарылыстың себебін анықтау үшін тек өрт сөндірушілерге ғана емес, газ ұйымдарының өкілдеріне де көмек сұрап жүгіну қажет.
Жер сілкінісі. Қазақстанның сейсмикалық қауіпті аудандары үшін өзекті тәуекел, мемлекеттік гидрометеорологиялық қызмет тіркейді.
Басқа да табиғи апаттар. Дауыл, бұршақ, су тасқыны. Статистика дәлелдегендей, бұл құбылыстар адамдардың мүлкіне жиірек залал келтіре бастады. «Табиғи апат» сияқты жағдайды мемлекеттік гидрометеорологиялық қызмет тіркейді. Мұндай жағдайда сақтандыру компаниясымен байланысу өте қажет.
Найзағай түсуі. Мұндай жағдайға көбінесе найзағай қағарғышпен жабдықталмаған қала сыртындағы үйлер немесе саяжайлар ұшырайды. Егер Сізді осындай қырсық шалса, Сізге жай ғана сақтандыру компаниясына қоңырау шалу қажет.
Заттардың құлауы.Сирек, бірақ бәрібір орын алатын жағдайлардың бірі. Ұшақтар мен тікұшақтардың құлауы елеулі шығындар мен залалдарға әкеледі. Егер Сіздің жағдайыңыз дәл осы болса, хаттама жасау үшін құлаған жерге полицияны шақыру керек.
Қылмыстар. Сақтандыру қаскүнемдердің Сіздің тұрғын үйіңіз бен мүлкіңізді зақымдауының барлық мүмкін нұсқаларына қолданылады. Ең кең таралған жағдайлардың бірі ретінде бұзып кіріп ұрлау, тонау, қарақшылық және бұзақылық сипатталған тізімге кіреді. Сақтандыру талаптарын орындау үшін полицияға жүгіну қажет.
Сақтандыру сомасы қалай айқындалады
Мүлікті сақтандыру кезінде сақтандыру сомасы әдетте оның нарықтық құны болып табылады. Кейбір жағдайларда тәуелсіз бағалау компаниясы бағалау жүргізуі мүмкін.
Сақтандыру төлемі қалай есептеледі
Сақтандыру төлемі сақтандыру сомасы шегінде мүлікке келтірілген нақты залал мөлшерінде, сақтандыру полисінде көрсетілген франшизаны шегере отырып, есептеледі және жүзеге асырылады.
Сақтандыру полисі қанша тұрады
Мүліктік сақтандырудың құны сақтандыруға өтінішті толтыру кезінде көрсетілетін көптеген факторларға байланысты. Кейбір жағдайларда қарап-тексеру қажет. Егер мүлкіңіздің құнын дәл айқындай алатыныңызға сенімді болмасаңыз, бағалауға тәуелсіз бағалау компаниясы тартылуы мүмкін. Мүліктік сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру компаниясы Сізбен келісім бойынша франшизаны белгілейді – яғни өтеу жауапкершілігін тікелей Сіз көтеретін залалдың мөлшерін айқындайды. Франшиза сақтандыру сомасына пайызбен де, абсолюттік мөлшерде де белгіленеді. Қалай болғанда да, сақтандыру шартында франшизаның болуы Сіз төлеуге тиіс сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтады, сондай-ақ шағын залалдар туындаған кезде рәсімдерді жеңілдетеді.