Өмірді сақтандыру
10 шілде 2011 Оқу: 1 мин Қаралымдар: 1 779
Жинақтаушы сақтандыру
Артықшылықтары
Шарт тек сақтандыру ұйымымен жасалады, банкке барып уақыт жоғалтудың қажеті жоқ.
Сақтандыру жағдайы басталған кезде мұрагерлер ақшаны бірден алады.
Тыйым салуға және тәркілеуге жатпайды.
Полис кепілімен (сатып алу сомасы мөлшерінде) жеңілдікті кредит алу мүмкіндігі бар
Кемшіліктері
Егер бір төлемді өткізіп алсаңыз, полис бойынша сақтандыру қорғанысы жойылады
Мерзімінен бұрын бұзған кезде сатып алу құны 70-80% құрайды. Яғни сіз тікелей залал шегесіз.
Мерзімді сақтандыру + депозит
Кемшіліктері
Сақтандыру компаниясынан бөлек, банкпен де шарт жасасу қажет.
Сақтандыру жағдайы басталған кезде мұрагерлер Сіздің депозитіңізді тек жарты жылдан кейін алады. Бірақ сақтандыру сомасын олар бірден алады.
Артықшылықтары
Табыс көбірек.
Мерзімінен бұрын бұзған кезде сіз ештеңе жоғалтпайсыз, демек кез келген уақытта сақтандыру компаниясын ауыстыра аласыз.
Сіздің депозитіңіз депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қорғауында.
Кәдімгі жинақтаушы сақтандырудан басқа, оның 2-3-жылдан бастап сақтандыру компаниясының инвестициялық табысына қатысатын түрлендірілген нұсқасы да бар. Өткен жылы инвестициялық табыс шамамен 12% болды, яғни бұл да банктердің депозиттер бойынша ұсынатынынан аз.