Перейти к содержанию
Сақтандыру қызметтерін тұтынушылар қауымдастығы
Бесплатно для потребителей +7 (727) 224 28 28
RU KZ EN

Терминдер сөздігі

8 шілде 2011 Оқу: 2 мин Қаралымдар: 8 313

Сақтандыру терминдерінің сөздігі

А  Б  В  Г  Д  З  И  К  Л  М  Н  О  П  Р  С  Т  У  Ф  Ц  Э

А

Андеррайтер

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері, оның функцияларына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіреді   

Сақтандыру компаниясының агенті

сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізілген және тапсырма шарты негізінде бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөнінде делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға

Актуарлық есептеулер

актуарий сақтандыру резервтерін есептеу кезінде қолданатын экономикалық-математикалық есептеу әдістері

Актуарий

уәкілетті органның лицензиясы бар, міндеттемелердің мөлшерін, сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлемелерін экономикалық-математикалық есептеуге байланысты қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық орнықтылығы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізетін және жүргізуді жоспарлап отырған сақтандыру түрлерінің пайдалылығы мен кірістілігін бағалайтын жеке тұлға

Адендум

бұрын жасалған сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына жазбаша толықтыру, онда шарттың бұрын келісілген талаптарына тараптар арасында келісілген өзгерістер қамтылады. Сақтандыру тарифінің өзгеруіне және осы полис бойынша тиісті өзара есеп айырысуларға әкелуі мүмкін.

Аджастер

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері, оның функцияларына сақтандыру төлемі туралы өтінішті қарау және сақтандыру жағдайынан келген залалды бағалау кіреді

Апаттық комиссар

сақтанушымен келісім бойынша сақтандыру залалдарының себебін, сипатын және мөлшерін анықтайтын сарапшы, сақтандырушының уәкілетті өкілі.

Агенттік сыйақы

тапсырма шартының талаптарына сәйкес сақтандыру компаниясының мүддесінде және атынан тиісті міндеттерді (тапсырмаларды) орындағаны үшін агент қызметтеріне төленетін ақы.

Абандон

сақтанушының сақтандырылған мүлікке өз құқықтарынан толық сақтандыру сомасын алу шартымен сақтандырушының пайдасына бас тартуы. Сақтанушы сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде өзі шеккен залалдардың көлемін дәлелдеу міндетінен босау үшін Абандонға жүгінеді.

Тақырып бойынша тағы

Мақалалар5 қаңтар 2019

Онлайн және офлайн сақтандыруды салыстыру

Сақтандыру — күтпеген оқиғалардан қамтамасыз етудің әрі күрделі, әрі қызықты түрі, ол қиын сәтте бизнесті немесе мүлікті барынша тез қалпына келтіруге көмектесе алады, бірақ заңнаманы үздіксіз талдауды және сақтандырудың қыр-сырын еркін меңгеруді талап етеді.