Перейти к содержанию
Сақтандыру қызметтерін тұтынушылар қауымдастығы
Бесплатно для потребителей +7 (727) 224 28 28
RU KZ EN

Туристерді медициналық сақтандыру

10 шілде 2011 Оқу: 2 мин Қаралымдар: 4 429

Саяхаттағанды ұнатасыз ба? Жақын және алыс шетелдерге іссапарларға жиі шығасыз ба? Онда саяхатшыларды сақтандыру полисі – Сізге дәл қажет нәрсе. Сақтандыру полисі сапар кезінде денсаулықтың кенеттен нашарлауы, күтпеген жағдай немесе басқа да жағымсыз оқиғалар салдарынан туындауы мүмкін күтпеген шығыстардан аулақ болуға көмектеседі.

Сақтандыру полисінің болуы – көптеген елдердің консулдықтарының қонақтық, іскерлік немесе туристік виза беру кезіндегі талабы.

Сақтандыру қорғауы

Біздің клиенттерімізге бүкіл әлем бойынша қызмет көрсетуді сақтандырушыға және болу аумағына байланысты сервистік компаниялар жүзеге асырады. Компаниялар клиенттерімізге оңай терілетін жеке арнаулы телефон желісін ұсынады және Түркияда, Египетте, Германияда, Чехияда, Австрияда, Болгарияда және басқа елдерде орыс тілінде сөйлейтін операторға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Төтенше жағдай туындаған кезде Сізге полисте көрсетілген телефон бойынша сервистік компанияға бір рет қоңырау шалу жеткілікті, ал операторлар барлық қажетті медициналық немесе өзге де көмекті ұйымдастырады.

Сақтандыру полисі бойынша өтем

Сақтандыру полисі сақтандырылған адамды шетелде, оның ішінде спортпен шұғылданған кезде медициналық көмек көрсетуге байланысты күтпеген шығыстардан қорғайды.


Сақтандыру полисі бойынша мынадай шығыстар өтеледі:

  • стационарлық және амбулаториялық емдеу бойынша медициналық шығыстар;
  • жүктілік мерзімі 3 айдан аспаған кездегі жүктілікке байланысты шығыстар;
  • тістің жедел ауыруын емдеуге байланысты шығыстар;
  • жарақаттарды емдеуге байланысты шығыстар;
  • тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік қызмет;
  • жедел жәрдем қызметтері;
  • эвакуациялау және репатриациялау шығыстары.

Полистің құны неге байланысты?

Сақтандыру полисінің құны уақытша болатын елге, сақтандыру сомасына, тұрақты тұратын жерден тыс өткізілетін күндер санына, таңдалған сақтандыру бағдарламасына және франшизаның болуына байланысты айқындалады.

Кәсіби немесе әуесқой спортпен шұғылданған кезде базалық құнға арттырушы коэффициенттер қолданылады.


Жасы бір жасқа дейінгі және 65 жастан асқан клиенттерді сақтандыру кезінде базалық құнға арттырушы коэффициенттер қолданылады.

 

Біздің сақтандыруымызбен саяхатқа туроператор арқылы аттана аласыз – "HOT TOUR" ЖШС - http://hottour.com/

Тақырып бойынша тағы

Ерікті сақтандыру5 қазан 2026

Титульное страхование

Страховка на случай, если покупатель жилья лишится права собственности из-за порока в прошлых сделках. Кому она нужна, что покрывает и какие условия договора проверить до подписания.

Ерікті сақтандыру5 қазан 2026

Страхование от несчастных случаев

Добровольный полис на случай травмы, инвалидности или гибели в результате несчастного случая. Что считается несчастным случаем по закону, как выбирать программу и на что смотреть в договоре.

Ерікті сақтандыру15 ақпан 2012

Зейнетақы аннуитеті

Зейнетақы алудың классикалық схемасы мынадай. Біз ай сайын жалақымыздың 10%-ын болашақ зейнетақымыз есебіне аударамыз, ал жинақталған ақшаны тек лайықты демалысқа шыққанда ғана аламыз.