Энергетикалық тәуекелдерді сақтандыру
10 шілде 2011 Оқу: 2 мин Қаралымдар: 2 519
Энергетикалық тәуекелдерді сақтандыру
Мұнай, газ, су ұңғымаларын игеру және пайдалану барысында болуы мүмкін ең ірі залал ұңғымадағы процестердің бұзылуымен немесе істен шығуымен және бұрғылау ерітіндісінің, мұнайдың, газдың немесе судың жоспардан тыс ағынының жер бетіне немесе түбіне атқылауымен байланысты.Энергетикалық тәуекелдерді сақтандыру нені өтейді
Ұңғыманы қалпына келтіруге, сөндіруге, қайта бұрғылауға және ұңғыманың пайдаланылуын қалпына келтіру жөніндегі басқа дажұмыстарға байланысты шығыстарды өтеуге мүмкіндік береді.
Сақтандыру тәуекелдері:
• ұңғыманы бақылау шығындары;• ағып кету және ластану;
• қайта бұрғылау;
• эвакуациялау шығыстары;
• ұңғыманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• жерасты атқылауы;
• жүктемені түсіретін ұңғыманы бұрғылау;
• иелену, қамқорлық және басқару аясындағы жабдық (үшінші тұлғалардың мүлкі).
Қосымша тәуекелдер:
• құбырлар тізбегінің қысылып қалуы;
• қабат флюидтерінің қабатаралық ағылуы;
• кәсіпшілік-геофизикалық және атқылау-жару жұмыстары кезіндегі апаттар;
• бұрғылау және/немесе цемент ерітінділерінің сіңірілуі;
• шегендеу тізбегінің саңылаусыздығының бұзылуы;
• бұрғылау тізбегі элементтерімен болған апаттар;
• тау жынысын қиратушы құралмен болған апаттар;
• ұңғымаға бөгде заттардың түсуі;
• бұрғылау қондырғысының немесе оның элементтерінің құлауы.
Энергетикалық тәуекелдерді сақтандыру не үшін қажет
• Апатты ұңғыманы тұншықтыруға жұмсалатын үлкен шығындар;
• Атқылау аймағын және атқылау салдарын тазартуға жұмсалатын үлкен шығындар. Ұңғыма операторлары/иелері қоршаған ортаның ластануы үшін қатаң жауапкершілікте болуы мүмкін;
• Ұңғыманы атқылауға дейінгі тереңдікке қайта бұрғылау бастапқы бұрғылаудан екі есе қымбатқа түсуі мүмкін.
Сақтандыру тарифі және сақтандыру сыйлықақысы
Тариф сақтандыру шартының талаптарына, франшиза мөлшеріне, ұңғыманың түріне, тәуекелдердің санына, ұңғыманың тереңдігіне және басқа да факторларға қарай белгіленеді. Сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру тарифімен тікелей байланысты, өйткені ол тарифтің ақшалай көрінісі болып табылады. Тарифке тәуекел жағдайлары да, сақтандыру компаниясының мүмкіндіктері де әсер етуі мүмкін.
Энергетикалық тәуекелдерді сақтандыру шарты
Энергетикалық тәуекелдерді сақтандыру сақтандырудың ерікті түрлеріне жатады. Сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалады. Кеңес алу үшін қауымдастық тізіліміндегі сақтандыру брокерлері мен агенттеріне жүгініңіз.