Кеден органдары алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру
27 қаңтар 2012 Оқу: 3 мин Қаралымдар: 4 131
Сақтандыру жағдайы — Қазақстан Республикасы Кеден органының Сақтанушыға тиесілі кедендік төлемдерді орындалмаған міндеттеме көлемінде толық немесе ішінара төлеу туралы талабына әкеп соққан бұзушылық.
Қазақстан Республикасы Кеден органының Сақтанушыдан тиесілі кедендік төлемдерді орындалмаған міндеттеме көлемінде толық немесе ішінара төлеуді талап етуіне әкеп соққан бұзушылық сақтандыру жағдайы болып табылады.
Сақтанушы ұсынатын құжаттар:
- Сақтандырылған адамның жеке басын куәландыратын құжат және салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
- Сақтандырушының талабы бойынша өзге де қажетті құжаттар.
- Сақтанушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана әрекеттері, қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттерді қоспағанда;
- Сақтанушының заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттері;
- Сақтанушының мүліктік зиян бойынша залалдың тиісті өтемін залал келтіруге кінәлі адамнан алуы;
- шартта көзделген басқа да жағдайларда.
- кеден органдарына келтірілген залалдарды Сақтандырушының өтеуі;
- залалдарды реттеудің жеделдігі.
Сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;2) кәсіби қызметті жүзеге асыру құқығын беретін лицензия (немесе өзге құжат);
3) кедендік ресімдеу жөніндегі мамандардың біліктілік аттестаты;
4) өкілдік етілетін тұлғамен қызметтер (жұмыстар) көрсетуге арналған үлгілік шарттың көшірмесі. ҚР Кеден кодексінің (ҚР КК) 338-бабына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету мына жағдайларда қолданылады:
- ҚР КК 63-бабына сәйкес кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыру кезінде;
- ҚР КК 74-бабына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын ішкі кедендік транзит рәсімі бойынша тасымалдау кезінде;
- ҚР КК 91, 94–95-баптарына сәйкес тауарларды уақытша сақтау кезінде;
- ҚР КК 174-бабына сәйкес тауарларды кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кезінде;
- ҚР КК 210-бабына сәйкес акцизделетін тауарларды реэкспорттау кезінде;
- ҚР КК 27-тарауына сәйкес тауарлар транзиті кезінде;
- ҚР КК 321-бабына сәйкес кеден органдарында бар баға ақпаратын қолдана отырып, кедендік төлемдер мен салықтар салынатын тауарларды шартты түрде шығару кезінде;
- ҚР КК 332-бабына сәйкес кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту кезінде;
- ҚР КК 380-бабына сәйкес жүк кедендік декларациясын беру мерзімдерін ұзарту кезінде;
- ҚР КК 388-бабына сәйкес тауарларды мерзімдік декларациялау кезінде;
- ҚР КК 392 – 393-баптарына сәйкес тауарларды шығару кезінде.
Бұл ретте кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді төлеуші не үшінші тұлға кедендік режимдерге орналастырылатын тауарлар шығарылғанға дейін не кедендік тасымалдаушы қызметін жүзеге асыру басталғанға дейін жүргізеді.
Сақтандыру шартын жасасудың қамтамасыз етудің басқа түрлерінен артықшылығы – ресімдеудің оңайлығында және айтарлықтай ақша қаражатын айналымнан алып, оларды тоқтатып қоюдың қажеті болмауында, өйткені төленетін сақтандыру сыйлықақысы кедендік қамтамасыз етудің қажетті сомасынан әлдеқайда төмен.
Сонымен қатар, сақтандыру шартын пайдаланған кезде тауар өзге кедендік режимге орналастырылғаннан кейін кеден органына берілген депозитті қайтаруға, банктік кепілдікті кері қайтарып алуға немесе кепілдегі мүлікке салынған шектеулерді алып тастауға қосымша күш жұмсаудың қажеті жоқ.
Кеден органдары алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын жасаса отырып, Сіз Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде белгіленген шарттар мен талаптардың сақталуы үшін кеден органдары алдында азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің туындауына байланысты мүліктік мүдделеріңізді білікті сақтандыру қорғауына аласыз.
Сақтандыру сомасы тараптардың келісімімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес төленуге тиіс кедендік төлемдер мен салықтар сомасынан кем болмауға тиіс:
Сақтандыру төлемі кеден органына нақты шеккен және құжатпен негізделген залалдар (кедендік төлемдердің төленбеуі) мөлшерінде жүзеге асырылады.
Нақты залалдың мөлшерін сақтандырушы кеден органдары ұсынған талап-шағым не сот шешімі негізінде айқындайды.
Сақтандыру тарифі: 0,3%-дан 2%-ға дейін.