Темір жол көлігін сақтандыру
10 шілде 2011 Оқу: 2 мин Қаралымдар: 2 237
Темір жол көлігін сақтандыру
Темір жол көлігін сақтандыру, темір жол вагондарын сақтандыру меншіктегі, жалдағы, лизингтегі темір жол көлігі құралдарына қатысты жүргізіледі. Темір жол көлігінің залалдары мен апаттары бойынша статистиканың жоғары болмауына қарамастан, темір жол көлігін сақтандыру ең танымал түрлердің бірі болып табылады. Вагондардың құны жоғары, оларды қалпына келтіру айтарлықтай уақыт пен қаражатты талап етеді, ал кейде апаттан кейін темір жол көлігін қалпына келтіру іс жүзінде мүмкін болмайды, сондықтан темір жол компанияларының барлығы дерлік сақтандырудың осы түрі бойынша сақтандырылады.
Темір жол көлігін сақтандыруға не қабылданады
Сақтандыруға өздігінен жүрмейтін тіркемелі көлік құралдары, атап айтқанда: темір жол жолдары бойынша жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдауға арналған вагондар, тіркемелер, контейнерлер, цистерналар және басқа да (өздігінен жүрмейтін) құралдар қабылданады.
Темір жол көлігін сақтандыру шарты бойынша өтелім
Сақтандыру шартымен темір жол көлігі құралдарының мыналардың нәтижесінде болған зақымдануы немесе жойылуы өтеледі:
- сақтандыру объектісіне заттардың құлауы;
- өрт немесе өздігінен жану (электр жабдығының тұйықталуын қоспағанда);
- темір жол көлігінің қозғалысы барысында болған көлік оқиғасы;
- темір жол көлігін ұрлау немесе айдап әкету;
- дүлей зілзала немесе табиғи құбылыс;
- үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері (айдап әкетуді немесе ұрлауды қоспағанда).
Темір жол көлігін сақтандыру бойынша қосымша сақтандыру өтелімдері
Қосымша түрде сіз темір жол көлігін мыналардың нәтижесінде болған зақымдану, жоғалу және/немесе жойылу тәуекелдерінен сақтандыра аласыз:
- жөндеуден кейін темір жол көлігін сынақтан өткізу;
- оқу сапарлары;
- жаңа конструкцияларды сынау, сондай-ақ арнайы рұқсатты қажет ететін басқа да сынақ, көрсетілім сапарларын жүргізу.
Темір жол көлігін сақтандыру бағасы мен тарифтері
Темір жол көлігін сақтандыру үшін төленуі тиіс құн сақтандыруға жататын тәуекелді талдау барысында анықталады, бірақ жалпы алғанда темір жол сақтандыруы бойынша тәуекелдер туындау ықтималдығы жоғары тәуекелдер тобына жатпайды.