Үй иелерінің мүлкін сақтандыру
20 мамыр 2011 Оқу: 1 мин Қаралымдар: 6 231
Сақтандыру компаниялары өз Клиенттеріне үй иелерінің мүлкін сақтандыру бағдарламаларын ұсынады. Тұрғын үйді сақтандыру бағдарламаларының арқасында Сіз әрлеуді, мүлікті немесе пәтерді толығымен, сондай-ақ үшінші тұлғалардың Сіздің үйіңізге зиян келтіру тәуекелдерінен сақтандыра аласыз.
Сақтандыру Сіздің шығындарыңызды өтейді:
- өрт, найзағай түсу, жарылыс, табиғи апаттар болған жағдайда;
- судан зақымдану, көршілерді су басу жағдайында;
- үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері нәтижесінде мүлік жойылған және зақымдалған жағдайда.
Жылжымайтын мүлік көбіне адамның жалғыз капиталы мен инвестициясы болып табылады, оны күтпеген тәуекелдерден қорғау Сізді ең жағымсыз оқиғалардан қорғауға мүмкіндік береді.
Қазақстанның жер сілкінісі, су тасқыны, техногендік апаттар сияқты тәуекелдер ықтимал ең қауіпті аумақтарының қатарына мыналар жатады:
1. Алматы
2. Өскемен
3. Орал
4. Атырау
5. Қарағанды