Су көлігін сақтандыру
10 шілде 2011 Оқу: 3 мин Қаралымдар: 3 648
Сақтандыруға су көлігі оның машиналарымен және жабдығымен, сондай-ақ оның фрахты қабылданады.
Сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы
Сақтандыру төлемінің мөлшері мынадай сақтандыру жағдайларын қамтитын төмендегі шарттардың біреуі негізінде белгіленеді:
- «Қаза табу және зақымдану үшін жауапкершілікпен»
- «Зақымдану үшін жауапкершілікпен»
- «Құтқару шығыстарын қоса алғанда, тек су көлігінің толық қаза табуы үшін жауапкершілікпен»
- «Тек су көлігінің толық қаза табуы үшін жауапкершілікпен»
Сақтандыру сыйлықақысы мынадай факторларға байланысты:
- таңдалған сақтандыру тәуекелдерінің тізбесі;
- су кемесінің сипаттамасы (шығарылған жылы, су ығыстырымы және т.б.);
- сақтандыру аумағы.
Сақтандыру объектісі Сақтанушының су көлігінің зақымдануымен, жойылуымен және/немесе жоғалуымен, соның ішінде айдап әкетілуімен немесе ұрлануымен байланысты мүліктік мүдделері болып табылады.
Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы.
Сақтандыру жағдайы – басталуымен сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға.
Сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде мыналардың нәтижесінде болған су көлігінің зақымдануы, жоғалуы және/немесе жойылуы сақтандыру жағдайы болып танылады:
кездейсоқ сыртқы соққы әсері;
өрт немесе өздігінен жану;
су көлігінің қозғалысы процесінде және оның қатысуымен туындаған, адамдар қаза тапқан немесе жараланған, өзге көлік құралдары, ғимараттар, жүктер зақымданған не өзге материалдық залал келтірілген оқиға ретінде түсінілетін көлік оқиғасы;
су көлігін ұрлау немесе айдап әкету. Ұрлау деп су көлігін пайдакүнемдік мақсатпен құқыққа қайшы өтеусіз алып қою және/немесе оны кінәлі адамның өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыруы түсініледі, бұл оның меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіреді. Айдап әкету деп сақтандырылған су көлігін ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленіп алу түсініледі;
дүлей зілзала;
үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері.
Сақтанушы қосымша мыналарды сақтандыра алады:
рейстің ең ұзақ мерзімі асып кеткеннен кейін жоғалған деп саналған немесе ол туралы мәліметтер болмаған сақтандырылған су көлігін іздеу және табу кезінде Сақтанушы жұмсаған шығыстар;
сақтандырылған су көлігі апатқа ұшыраған порт ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу шығыстары;
жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін қажетті қызметкерлерді, материалдарды, құралдар мен жабдықты су көлігі жөндеу сәтінде тұрған жерге тасымалдау шығыстары немесе су көлігін немесе зақымданған бөліктерін жөндеу жүргізілуге тиіс жерге экономикалық тұрғыдан неғұрлым қолайлы тәсілмен тасымалдаудың орынды шығыстары;
сақтандыру жағдайынан кейін су көлігін тікелей қалпына келтіргеннен кейін пайдалануға жарамдылығы туралы куәлік алуға байланысты жаттығу рейстеріне немесе басқа рейстерге арналған шығыстар;
су көлігін оқиға орнынан өз портына немесе неғұрлым қолайлы жақын портқа қайтару.