Автокөлік иесінің АҚЖ сақтандыру полисіне енгізілетін өзгерістер
26 мамыр 2011 Оқу: 1 мин Қаралымдар: 2 319
Көлік құралдары иелерінің КҚ ИАҚЖМС сақтандыру полисін бұзу және жаңа сақтандыру полисін жасасу арқылы оған енгізілетін барлық өзгерістер сақтанушының (клиенттің) қатысуымен жүргізіледі.
Ол үшін мынадай құжаттар қажет:
- Полистің түпнұсқасы
- Техникалық төлқұжат
- Жеке куәлік
- СТН
- Жүргізуші куәлігі
Автомобильді сату кезінде сақтандыру полисін жаңа иесіне берген жағдайда, полисті жаңа иесіне ресімдеу кезінде қатысуыңыз қажет.
Сақтандыру полисіне өзгерістерді менеджер клиенттің жазбаша өтініші негізінде енгізеді.
Автомобильдің тіркелген жеріне байланысты сақтандыру сыйлықақыларындағы айырмашылыққа назар аударуыңызды сұраймыз.
Мысалы, сақтандыру шартын бұзып, жаңа сақтандыру шартын жасасқан кезде:
- облыстық автомобильді Алматы қаласына ауыстырғанда — Сізге қосымша төлем жасау қажет болады
- Алматы қаласынан облысқа ауыстырғанда — сыйлықақының бір бөлігі қайтарылады
Қайтаруды ресімдеу үшін құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет:
- Жеке куәлік
- СТН
Сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін алу үшін:
-
Құжаттарды тапсырғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде сервис-менеджермен немесе менеджермен (өңірлерде) байланысып, төлем тапсырмасының нөмірін нақтылау не үйіңіздің мекенжайына хабарлама келгенін күту қажет
-
Төлем тапсырмасының нөмірімен не хабарламамен, жеке куәліктің түпнұсқасымен және СТН-мен Сақтандырушының кез келген бөлімшесіне жүгініп, сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін алу қажет.
-