Автокаско бағдарламалары
31 шілде 2013 Оқу: 3 мин Қаралымдар: 5 012
Автокаско: нарыққа жыл сайын көптеген автосақтандыру бағдарламалары шығарылады
Автокаско бағдарламалары және Автокаско бойынша тарифтер
Автомобиль қауіптілігі жоғары объект әрі қымбат ләззат ретінде автокөлік иесінің күнделікті күтімін қажет етеді. Жолдағы жағымсыз жағдайлардан және автокөлікті пайдалану кезіндегі күтпеген оқиғалардан өзіңізді қалай қорғауға болады? Бұл сұрақтардың көбіне әртүрлі жауап беруге болады: Міндетті сақтандыру, күзетілетін тұрақ, дабыл жүйесі, Автосақтандыру, Автокаско. Барлық жауаптар дұрыс болады, бірақ күтпеген залалдардың барлығын өтеуге тек автосақтандыру ғана мүмкіндік береді.
Минимум бағдарламасы!
Мамандар әзілдеп атайтындай, шығыны ең аз, бірақ жоғалтуы ең көп автосақтандыру, өйткені осындай ең аз сыйлықақы төленгенде, төлемдерден не талап етуге болады.
- Жол-көлік оқиғасы
Бүгін түнде дабыл бірнеше рет іске қосылды… Көрші аулада автомобиль айдап әкетілді… Таңертең жолыңызды бірнеше рет кесіп өтті… Жұмысқа бара жатып ЖКО-ның куәсі болдыңыз…
Автомобиль иелерінің жүйкесін жұқартатын мұндай жағдайлар қаншама???
Автомобильді сақтандыру – Сіздің қаржылық әл-ауқатыңызды сақтаудың сенімді тәсілі.
3% бағдарламасының артықшылықтары
Тариф автомобиль құнының 3%-ы, бірақ 15 000 теңгеден кем емес.
3,5% бағдарламасы. Автомобильді автосалоннан сатып алдыңыз ба? Құттықтаймыз! Оған қамқорлық жасаңыз!!!
Әдемі, жаңа және ең бастысы, сүйікті автомобиль… Оған шаң жуытқыңыз келмейді… Бірақ жолда басқа жүргізушілердің шеберлігіне кепіл бола алмайсыз… Автомобильді қараусыз қалдырып, қайта келгенде онда зақым болмайтынына ешқандай кепілдік жоқ… Ал алаяқтар тіпті ең сенімді автомобиль дабылының өзін де бұза алады…
Кепілдік артық болмайды! Жарқыраған сүйікті автомобиліңізге қамқорлық жасаңыз!
3,5% бағдарламасының артықшылықтары
Тариф сақтандыру сомасының 3,5%-ы, бірақ 15 000 теңгеден кем емес.
«VIP Каско» бағдарламасы. Егер Сіз сақтандыру төлемін толық көлемде алғыңыз келсе, бұл бағдарлама Сізге арналған.
«VIP Каско» бағдарламасының артықшылықтары:
- ЖКО орнына МАИ-ді шақырмай және МАИ құжаттарын ұсынбай төлемдер жүргізу;
- Сіз үшінші тұлғалардың мүлкіне келтірген залалды 600 АЕК-ке дейін өтеу;
- Мамандандырылған сервис орталығының шоты бойынша төлемдер жүргізу;
- Автомобильдің амортизациялық тозуын есепке алмай төлемдер жүргізу;
- Сақтандыру шартының лимит таусылғанға дейін әрекет етуі;
- Зақымдану бойынша франшизаның болмауы;
- Алматы қ. бойынша эвакуатор қызметтерін пайдалану мүмкіндігі;
- Сақтандыру төлемдері жүргізілгеннен кейін сақтандыру сомасын қалпына келтіру мүмкіндігі;
- Сақтандыру шартын ұзартатын шығынсыз клиенттерге жеңілдіктердің икемді жүйесін ұсыну.
Төмендегі оқиғалардың нәтижесінде автомобильдің зақымдануы немесе жоғалуы сақтандыру жағдайы болып табылады:
- жол-көлік оқиғасы (ЖКО);
- өрт, жарылыс;
- дүлей апат (көшкін, тау құлауы, дауыл, құйын, сұрапыл жел, су тасқыны, нөсер, бұршақ, найзағай түсуі);
- қозғалыстағы КҚ астынан ұшқан тастардың тиюі нәтижесінде сақтандырылған КҚ әйнектерінің сынуы;
- үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері (айдап әкету, бұзақылық, бөтен мүлікті қасақана жою);
- әртүрлі бөгде заттардың құлауы;
- ұрлық, тонау, қарақшылық.
