Егер адам ЖКО орнынан жасырынып кетсе
13 қаңтар 2012 Оқу: 2 мин Қаралымдар: 6 687
Кінәлі адам анықталмаған жағдайларда жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен адамдардың назарына.
Кінәлі тұлға анықталмаған жағдайларда жол-көлік оқиғаларында зардап шеккен тұлғалардың назарына.
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ 2008 жылғы 1 қазаннан бастап болған ЖКО кезінде ауыр дене жарақаттарын алған жәбірленушілерге және қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төлеу көзделгенін хабарлайды.
Төлемдер ЖКО кінәлісі апат болған жерден жасырынған жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
Өтемақы алу үшін жәбірленушілер қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес Қорға құжаттардың толық топтамасын ұсынуы қажет:
- зиянды өтеу төлеміне еркін нысандағы өтініш;
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдарының жағдайдың басталу фактісін, яғни көлік оқиғасы болған жерден жасырынған және жәбірленушіге зиян келтіруге жауапты тұлғаның анықталмау жағдайын растайтын құжаты;
- көлік оқиғасы нәтижесінде денсаулыққа келтірілген ауыр зиянға байланысты жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілген денсаулық сақтау ұйымы қорытындысының көшірмесі, онда жәбірленуші алған жарақаттар мен мертігулердің сипаты, диагноз, уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі көрсетіледі;
- медициналық-әлеуметтік немесе сот-медициналық сараптама мекемелері қорытындысының көшірмесі;
- жәбірленушінің қайтыс болуы туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі (жәбірленуші қайтыс болған жағдайда);
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаның құқығын растайтын құжат (жәбірленуші қайтыс болған жағдайда);
- жерлеуге жұмсалған шығындарды растайтын құжаттар не олардың көшірмелері (туыстары болмаған кезде);
- өтініш берушінің (алушының) жеке куәлігінің көшірмесі;
- қаражатты аудару үшін банктік деректемелер туралы мәліметтер.
Назар аударыңыз: ҚР Азаматтық кодексінің 940-бабына сәйкес жәбірленуші қайтыс болған жағдайда өтемақы төлеуге қайтыс болған адамның асырауында болған немесе ол қайтыс болған күнге дейін одан асырау алуға құқығы болған еңбекке жарамсыз тұлғалар, қайтыс болған адамның ол қайтыс болғаннан кейін туған баласы, сондай-ақ еңбекке жарамдылығына қарамастан жұмыс істемейтін және қайтыс болған адамның асырауында болған он төрт жасқа толмаған немесе көрсетілген жасқа толса да медициналық органдардың қорытындысы бойынша денсаулық жағдайына байланысты бөгде адамның күтіміне мұқтаж балаларын, немерелерін, аға-інілері мен апа-қарындастарын күтумен айналысатын ата-анасының бірі, жұбайы не отбасының басқа мүшесі ғана құқылы.
Жәбірленушілер жол-көлік оқиғасы болған сәттен бастап бір жыл ішінде Қорға жүгінуге құқылы.
Қосымша ақпарат: 050040, Алматы қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй, I кіреберіс.
Барлық анықтамалар Алматы қаласындағы телефондар бойынша: 8(727)272-31-40, 272-31-38, 272-34-41,
е-mail: fgsv@fgsv.kz;