Заң кеңесшілері мен адвокаттардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
10 қазан 2019 Оқу: 3 мин Қаралымдар: 873
Заң кеңесшілері мен адвокаттардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. Заңды тұлғалар үшін сақтандыру шартын ресімдеудің жалпы ұғымдары мен қағидалары.
Заң кеңесшілері мен адвокаттардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
Заң кеңесшілері мен адвокаттардың АҚЖ-сын жүктелген сақтандыру
Жүктелген сақтандыру дегеніміз – Сақтанушы (сақтандырылуға тиіс адам) үшін міндетті, бірақ Сақтандыру компаниясы үшін ерікті болып табылатын сақтандыру.Заң кеңесшілері мен адвокаттардың АҚЖ-сын сақтандыру іс жүзінде осы қызметтерді тұтынушылар мен үшінші тұлғалардың мүдделерін қорғауға бағытталған кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру болып табылады.
Заң кеңесшілері мен адвокаттардың АҚЖ-сы бойынша сақтандыру жағдайлары:
1) іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алу;
2) құжаттарды дұрыс ресімдемеу;
3) шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін адамды оған зиян келтіруге әкеп соққан, жасалатын заңдық әрекеттердің салдары туралы хабардар етпеу;
4) сақтанушы (сақтандырылған адам) заң көмегін көрсету үшін клиенттен алған құжаттарды жоғалту немесе бүлдіру;
5) сақтандырылған адамға ол заң көмегін көрсету процесінде белгілі болған мәліметтерді құқыққа сыйымсыз жария ету;
6) Сақтандырылған адамның заң көмегін көрсетуі нәтижесінде шартқа сәйкес осындай көмек көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне зиян келтіруге әкеп соққан өзге де әрекеттер (әрекетсіздік).
Заң кеңесшілері мен адвокаттардың АҚЖ-сын сақтандыру шартын жасасу міндетінің туындау негіздері:
ҚР "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңының 77-бабына сәйкес заң кеңесшісі шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
Заң кеңесшілері мен адвокаттардың АҚЖ-сын сақтандыру бойынша сақтандыру сомасы қандай:
сақтандыру сомасы кемінде 1000 АЕК (2 525 000 тг) - Астана үшін;
басқа өңірлер үшін кемінде 500 АЕК
*АЕК – айлық есептік көрсеткіш
Заң кеңесшілері мен адвокаттардың АҚЖ-сын сақтандыру қанша тұрады:
Құны әрбір сақтандырылған адам бойынша жеке айқындалады.
Мұндай талап адвокатқа және заң кеңесшісіне 2020 жылдың басынан бастап заңды болады. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының адвокат пен заң кеңесшісінің қызметін сақтандыру туралы 36-бабы мен 77-бабы күшіне енеді.
Адвокат пен заң кеңесшісінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру институты адвокаттар мен заң кеңесшілеріне арналған бейінді заңның жаңалығы болып табылады. Жоғарыда келтірілген баптардың ережелеріне орай адвокат (36-бап), заң кеңесшісі (77-бап) кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шарты болмаған кезде заң көмегін көрсетуге кірісуге құқылы емес. Сақтандыру жоқ – қызметті жүзеге асыру құқығы да жоқ, көлік құралын басқарумен ұқсастық бойынша.
Заң шығарушы адвокаттар мен заң кеңесшілері үшін бірдей түрде сақтандыру жағдайын сақтандырылған адамның заң көмегін көрсету кезінде жіберген кәсіптік қателері нәтижесінде шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің туындау фактісі ретінде айқындауды көздеді.
Осы баптың мақсаттары үшін кәсіптік қателер деп мыналар түсініледі:
1) іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алу;
2) құжаттарды дұрыс ресімдемеу;
3) шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін адамды оған зиян келтіруге әкеп соққан, жасалатын заңдық әрекеттердің салдары туралы хабардар етпеу;
4) сақтанушы (сақтандырылған адам) заң көмегін көрсету үшін клиенттен алған құжаттарды жоғалту немесе бүлдіру;
5) адвокаттық құпияны құрайтын мәліметтерді құқыққа сыйымсыз жария ету.
Кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартында сақтандырылған адамның заң көмегін көрсетуі нәтижесінде шартқа сәйкес осындай көмек көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне зиян келтіруге әкеп соққан өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) айқындалуы мүмкін.
Сақтандыру шартында сақтандыру объектісі, сақтандыру жағдайы, сақтандыру сомасы, тарифтік мөлшерлеме, сақтандыру сыйлықақысы, франшиза, сақтандыру мерзімі мен аумағы көрсетілуге тиіс. Сақтандырушы ретінде «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға бола алады.
Заң шығарушы сақтандыру туралы келісімді үлгілік шарт негізінде жасасуды ұсынады. Үлгілік шарттың елеулі талаптарын зерделеу кезінде сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылатын жағдайларға назар аудару қажет.
Заңды тұлғаларды сақтандыру және толығырақ ақпарат алу үшін біздің сақтандыру менеджерлерімізге хабарласыңыз.