Экологиялық тәуекелдерді міндетті сақтандыру
25 маусым 2011 Оқу: 2 мин Қаралымдар: 3 010
Экологиялық сақтандыру кәсіпорныңызды қорғайды: экологиялық қауіпті қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорын қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға зиян келтірген жағдайда.
Объектідегі үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соққан авария фактісі сақтандыру жағдайы деп танылады.
Сақтандыру төлемі қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген нақты залал мөлшерінде жүзеге асырылады. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі әлеуметтік қамсыздандыру немесе басқа сақтандыру шарттары бойынша тиесілі сомаларға қарамастан жүзеге асырылады.
Сақтандыру сомасы (шарт бойынша сақтандыру жауапкершілігінің лимиті) тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ мынадан кем болмауы тиіс:
- дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғалар үшін – 5 000 АЕК-тен;
- заңды тұлғалар үшін – 65 000 АЕК-тен;
- егер сақтандыру шарты тек қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру бөлігінде жасалса – 17 000 АЕК-тен.
- дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін – 0,76%-дан 2,65%-ға дейін;
- егер сақтандыру шарты тек қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру бөлігінде жасалса – 0,59%-дан 2,05%-ға дейін.