Перейти к содержанию
Сақтандыру қызметтерін тұтынушылар қауымдастығы
Бесплатно для потребителей +7 (727) 224 28 28
RU KZ EN

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

25 маусым 2011 Оқу: 2 мин Қаралымдар: 2 733

Аудиторлық практика — өте нәзік әрі күрделі қызмет түрі. Қателіктерден ешкім сақтандырылмаған. Мұндай жағдайда Сіздің тарапыңызда болатын жалғыз серік — Сіздің сақтандыру компанияңыз.
Жауапкершілігіңізді сақтандыру саласындағы серіктестік туралы ұсынысымызды қабылдай отырып, Сіз кездейсоқ қолайсыздықтарыңызды шешуді біздің тұрақты міндетімізге айналдырасыз!

Қазақстанда 2003 жылдан бастап аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін сақтандыру Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440-II «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңы негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандыруға не қабылданады?

Сақтандыруға Сіздің жауапкершілігіңіз және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген, аудит жүргізу кезінде Сіздің клиенттеріңізге келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетімен байланысты мүліктік мүддеңіз қабылданады.

Сіздің жауапкершілігіңіз қандай сомаға сақтандырылады?

Сіздің жауапкершілігіңіз сақтандырылатын сома тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ оның мөлшері 10 000 АЕК-тен кем болмауы тиіс.

Сақтандыру полисі қанша тұрады?

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ сақтандыру сомасының 4,5%-ынан аспауы тиіс.

Сақтандыру жағдайы орын алса, біздің компания қанша ақша төлейді?

Сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемінің мөлшерін келтірілген зиянды өтеу туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде Сіздің клиентіңіздің талап сомасына сүйене отырып, бірақ сақтандыру сомасынан аспайтын мөлшерде айқындайды.

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440-II "Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Заңы

Тақырып бойынша тағы

Міндетті сақтандыру5 қазан 2026

Обязательное страхование туриста

Покупая тур за границу, вы автоматически получаете медицинскую страховку от туроператора. Что она покрывает, какие суммы установлены законом и как действовать, если за рубежом понадобилась помощь.

Міндетті сақтандыру5 қазан 2026

Страхование профессиональной ответственности медицинских работников

Клиники обязаны страховать ответственность врачей за вред жизни и здоровью пациента. Разбираем, кто платит, какие минимальные выплаты гарантирует Кодекс и как пациенту добиться возмещения.

Міндетті сақтандыру5 қазан 2026

Страхование профессиональной ответственности частного судебного исполнителя

Частный судебный исполнитель не может работать без страховки ответственности. Какие ошибки покрывает полис, каковы минимальные суммы и как взыскателю или должнику получить возмещение.