Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
25 мамыр 2011 Оқу: 3 мин Қаралымдар: 5 489
Автокөлік иесін немесе автокөлікті міндетті сақтандыру
Автокөлік иесін немесе автокөлікті міндетті сақтандыру
Сақтандырудың бұл түрінің дұрыс атауы — Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру немесе автокөлік иесін міндетті сақтандыру.Қазақстанда сақтандырудың бұл түрі 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446-II «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтықжауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңы негізінде жүзеге асырылады.
Неліктен сақтандырудың бұл түрі дәл осылай аталады? Көпшілік өздері көлікті сақтандырамыз деп сенеді, сондықтан оны Міндетті автосақтандыру деп атау қисынды болар еді, бірақ сақтандырудың бұл түрі көлікті емес, автокөлік иесінің үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілігін сақтандырады.
Жауапкершілікті міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру жағдайы
Жол-көлік оқиғасы кезінде үшінші тұлғаның мүлкіне және/немесе денсаулығына зиян келтіру. Яғни төлем сақтандырылған адам кінәлі болған жағдайда жүргізіледі.
Жауапкершілікті міндетті автосақтандыру полисі не үшін қажет?
Көптеген автокөлік иелері үшін жауап айқын — жол полициясы үшін. Бұл жартылай дұрыс жауап, өйткені автокөлік иесінде міндетті автосақтандыру полисі болмаса, инспекция қызметкері айыппұл салады, сондай-ақ бұзушылық жойылғанға дейін көлікті айып тұрағына қоюы мүмкін. Әрине, мәселе тек бұнда емес: полис автокөлік иесінің кінәсінен болған ЖКО нәтижесінде үшінші тұлғаларға келтірілген материалдық залалдың өтелуіне кепілдік береді. Полис Сіздің автокөлігіңізді сақтандырмайды, ол Сіз кінәлі болған жағдайда адамға келтірілген залалдың өтелуіне кепілдік береді
Жәбірленушіге қандай өтем төленеді?
бір автокөлікке келтірілген зиян үшін - 600 АЕК
әрбір жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін - 1000 АЕК
Автокөлік иесінің жауапкершілігін ерікті сақтандыру шартын жасасу арқылы жауапкершілік лимиттерін ұлғайтуға болады.
Тікелей реттеу
Заңдағы бұл өзгеріс сақтандырылған автокөлік иесіне жол-көлік оқиғасы кезінде, тіпті ол ЖКО-ға кінәлі болмаса да, тікелей өз сақтандыру компаниясына жүгінуге мүмкіндік береді. Бірақ барлық жердегідей, мұның да өз шарттары бар
- ЖКО-ның екі қатысушысында да міндетті сақтандырудың қолданыстағы сақтандыру полистері болуы тиіс
- екі автокөлік иесі де ЖКО кезінде сергек күйде болып, өз сақтандыру компаниясын уақтылы хабардар еткен
- КҚ тіркелген орны;
- КҚ түрі;
- клиенттің жасы мен жүргізушілік өтілі;
- пайдалану мерзімі;
- сақтандыру жағдайларының болуы немесе болмауы (бонус-малус).
Заңды тұлғалар үшін сақтандыру сыйлықақысы мыналарға байланысты:
- КҚ тіркелген орны;
- КҚ түрі;
- көліктің шығарылған күні;
Міндетті автосақтандыру сақтандыру жағдайы туындаған кезде халықты әлеуметтік қамсыздандыруда ерекше рөл атқарады. Өйткені бұл түр тек сақтандырылған адам кінәлі болған жағдайда ғана қолданылады және жәбірленушіге келтірілген залалды өтеуге бағытталған.
Міндетті автосақтандыруды Қазақстандағы жалпы сақтандыру саласындағы кез келген сақтандыру компаниясынан сатып алуға болады. Сондай-ақ біздің сайтта міндетті автосақтандыру полисіне электрондық тапсырыс беруге және электрондық калькулятор қызметі арқылы полистің құнын алдын ала есептеуге болады.
Ұқсас материалмен танысуды ұсынамыз
Міндетті сақтандыру: сұрақтар мен жауаптар
Авто КАСКО