Перейти к содержанию
Сақтандыру қызметтерін тұтынушылар қауымдастығы
Бесплатно для потребителей +7 (727) 224 28 28
RU KZ EN

Өсімдік шаруашылығындағы ерікті сақтандыру

25 маусым 2011 Оқу: 3 мин Қаралымдар: 3 203

Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру. Оның басты мақсаты — дәнді және майлы дақылдардың белгілі бір түрлерін, сондай-ақ мақта мен қант қызылшасын өсіретін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің — фермерлер мен шаруалардың мүліктік мүдделерін Заңда айқындалған қолайсыз табиғи жағдайлардың салдарынан қорғауды қамтамасыз ету. Өкінішке қарай, қолайсыз ауа райы мен дүлей зілзалалар — құрғақшылық, аса жоғары температура, бұршақ, аңызақ, дауыл, құйын, нөсер, су тасқыны және сел сияқтылар бір мезгілде орасан зор аумақтарды қамтып, көптеген шаруашылықтарда егіннің шығынға ұшырауына әкеледі. Заңға сәйкес мұның бәрінен сақтан...

Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру

Оның басты мақсаты– астық және майлы дақылдардың белгілі бір түрлерін, сондай-ақ мақта мен қант қызылшасын өсіретін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің – фермерлердің, шаруалардың мүліктік мүдделерін Заңда айқындалған қолайсыз табиғи жағдайлардың салдарынан қорғауды қамтамасыз ету.Өкінішке қарай, қолайсыз ауа райы мен дүлей зілзалалар – құрғақшылық, өте жоғары температура, бұршақ, аңызақ, дауыл, боран, нөсер, су тасқыны және сел сияқты құбылыстар бір мезгілде орасан зор аумақтарды қамтып, көптеген шаруашылықтарда өнімнің жойылуына әкеледі.
Заңға сәйкес мұның бәрінен әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші сақтандырылуға міндетті.

Өсімдік шаруашылығында сақтандыруға мыналар жатады:
- астық дақылдары (бидай, арпа, жүгері, күріш, тары, сұлы және т.б.);
- майлы дақылдар (соя, күнбағыс);
- мақта;
- қант қызылшасы.

Сақтандыру құнына мыналар әсер етеді:
- егіс алқаптарының көлемі
- сақтандыру сомасының мөлшері
- ауыл шаруашылығы дақылының түрі
- табиғи-климаттық аймақ
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасуға белгіленген нысандағы жазбаша өтініш-сауалнама негіз болып табылады (оны сақтандырушыдан, агенттен алуға болады), ол сақтандыру шартының құрамдас және ажырамас бөлігі болып табылады.

Сақтандыру шартын жасасу үшін қандай құжаттар қажет:
- өтініш-сауалнама;
- СТН;
- банктік шоттың бар екені туралы анықтама;
- жер учаскесін пайдалану құқығына акт.

Сақтандыру жағдайы деп не саналады?

Егер сіздің егістіктеріңізге БҰРШАҚ жауса
немесе егістіктерді ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ шалса
немесе оларды НӨСЕР ЖАҢБЫР басса
немесе СУ ТАСҚЫНЫ болса
немесе сіздің егістеріңізді ҮСІК шалса
немесе, мүмкін, оларды АҢЫЗАҚ бүлдірсе
немесе сізде СУАРМАЛЫ СУ ТАПШЫЛЫҒЫ болса
- бұл сіздің егістеріңіз ҚОЛАЙСЫЗ ТАБИҒИ ҚҰБЫЛЫСТЫҢ әсеріне ұшырады, яғни САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ орын алды дегенді білдіреді.

Бұл жағдайда НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
1. Сақтандыру компаниясының филиалына қоңырау шалу
2. Филиалға келіп, өтініш жазу (5 жұмыс күні ішінде)
3. Қазгидрометтен немесе ТЖ агенттігінен орын алған Қолайсыз Табиғи Құбылыстың фактісі туралы анықтама алу. Құжаттың көшірмесін түсіріп алыңыз!
4. Әкімдікке Қолайсыз Табиғи Құбылыстың әсеріне ұшыраған егіс алқаптарын анықтау жөнінде комиссия құру туралы өтініш беру. Құжаттың көшірмесін түсіріп алыңыз!

БІЛУ МАҢЫЗДЫ!

• Егер Қолайсыз Табиғи Құбылыс қысқа мерзімді сипатта болса (бұршақ, нөсер, үсік, қатты жел, сел), әкімдікке 3 жұмыс күні ішінде келу қажет
• Егер Сіздің егістеріңіз ұзақ мерзімді Қолайсыз Табиғи Құбылыстың әсеріне ұшыраса (құрғақшылық, үсіп кету, жылудың жетіспеуі, топырақтың шамадан тыс ылғалдануы, ауаның шамадан тыс ылғалдануы, су тасқыны, суының азаюы, аңызақ), әкімдікке өтінішті 10 жұмыс күні ішінде беруге болады

САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІ
Сақтандыру төлемі Сақтанушы залалының мөлшерінде сақтандыру сомасы шегінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру сомасы былайша есептеледі: егіс алқабы әрбір өңір үшін Үкімет қаулысымен жыл сайын айқындалатын тікелей өндірістік шығындар нормативтеріне көбейтіледі. Заңмен сақтандыру тарифінің ең жоғары мөлшері де айқындалған.

Залал қалай есептеледі?
Егістердің толық жойылуы:
Бір гектарға арналған шығындар нормативін зардап шеккен алқапқа көбейту
Егістердің ішінара жойылуы:
• Өнімді жинау кезінде бүлінген алқаптардан алынған жалпы өнім статистика органдарымен бірлесіп немесе бақылау бастыру жолымен бағаланады
• Азық-түлік келісімшарт корпорациясының бағалары негізінде бір гектардан жиналған өнімнің нарықтық құны есептеледі
• Бүлінген алқаптың 1 га-ына шаққандағы шығындар нормативі мен өнімнің нарықтық құны арасындағы айырма айқындалады
• Алынған айырма бүлінген алқаптың көлеміне көбейтіледі

БІЛУ МАҢЫЗДЫ!
• Есептеулер кезінде сақтандыру шартын жасасу сәтінде белгіленген шығындар нормативі ескеріледі
• Егістер толық жойылған кезде сақтандыру төлемі барлық құжаттар алынғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі
• Егістер ішінара жойылған кезде сақтандыру төлемі Сақтандыру компаниясы барлық құжаттарды алғаннан кейін өнімді жинау аяқталған күннен бастап 1 айдан ерте емес, бірақ 3 айдан кешіктірілмей жүргізіледі.

Тақырып бойынша тағы

Ерікті сақтандыру5 қазан 2026

Титульное страхование

Страховка на случай, если покупатель жилья лишится права собственности из-за порока в прошлых сделках. Кому она нужна, что покрывает и какие условия договора проверить до подписания.

Ерікті сақтандыру5 қазан 2026

Страхование от несчастных случаев

Добровольный полис на случай травмы, инвалидности или гибели в результате несчастного случая. Что считается несчастным случаем по закону, как выбирать программу и на что смотреть в договоре.

Ерікті сақтандыру15 ақпан 2012

Зейнетақы аннуитеті

Зейнетақы алудың классикалық схемасы мынадай. Біз ай сайын жалақымыздың 10%-ын болашақ зейнетақымыз есебіне аударамыз, ал жинақталған ақшаны тек лайықты демалысқа шыққанда ғана аламыз.