Жауапкершілікті сақтандыру
28 маусым 2011 Оқу: 1 мин Қаралымдар: 2 414
Жауапкершілікті сақтандырудың мынадай түрлері бар:
1. Үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру
Бұл полис сақтанушының үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, сондай-ақ мүлкіне зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелерімен байланысты мүліктік мүдделерін қорғайды. Өтелім сақтандырылған компания немесе оның қызметкерлері келтірген залал үшін қойылатын талап-арыздарға қатысты.
2. Тауарлар мен қызметтер өндірушісінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
Сақтандырудың бұл түрі полис иесіне ол дайындап, өткізген тауардың кемшіліктері салдарынан зардап шеккен немесе залал көрген пайдаланушы, тұтынушы немесе өзге тұлға қойған талап-арыздардан туындайтын шығындар мен залалдарды өтеуге бағытталған.
3. Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
Сақтандырудың бұл түрі қызметкерлерге олардың еңбек міндеттерін атқару кезінде келтірілген зиян үшін жауапты болатын сақтанушының мүліктік мүдделерін қорғайды.