Автокаско
20 маусым 2011 Оқу: 4 мин Қаралымдар: 5 311
Жол-көлік оқиғасы кезіндегі әрекеттер
ЖКО кезінде:
Авариялық тоқтау белгісін қосып, содан кейін көлік оқиғасы туралы жол полициясы қызметкерлеріне 112 телефоны арқылы хабарлау. Жол полициясы қызметкерлері келгенге дейін көлік құралын орнынан қозғамау және оқиға орнынан кетпеу.
-
ЖКО туралы Сақтандыру компаниясының Call centre-іне шартта көрсетілген телефон арқылы хабарлап, ЖКО орнына авариялық комиссарды шақыру.
-
Зақымдалған көлік құралын (зақымдалған мүлікті) Сақтандыру компаниясының өкілі қарап шыққанға дейін сақтандыру оқиғасы нәтижесінде қандай күйде болса, сол күйінде сақтау
-
Ықтимал залалды азайту үшін барлық мүмкін шараларды қолдану.
-
Сақтандыру оқиғасы туралы Сақтандыру компаниясының кеңсесіне 3 жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлау, ауызша өтініш кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша түрде расталуға тиіс.
-
Сақтандыру компаниясына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсыну.
Құжаттар тізбесі*:
-
Сақтандыру жағдайы туралы өтініш
-
Полистің немесе сақтандыру шартының көшірмесі
-
ЖПБ материалдарының куәландырылған көшірмелері: хаттама, ЖКО қатысушыларының түсініктемелері, № 2 қосымшасы бар ЖКО сызбасы, ал ЖКО-да зардап шеккендер болса, қылмыстық істі қозғау/жауаптылыққа тарту/қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы;
-
Әкімшілік соттың заңды күшіне енген қаулысының көшірмесі (сот мөрімен куәландырылған);
-
Егер ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа берілген болса, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту не оны тоқтата тұру туралы қаулы, соттың заңды күшіне енген үкімі не сот шығарған және істің нәтижесін айқындайтын өзге де іс жүргізу құжаты;
-
Психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және мас күйін анықтауға арналған медициналық куәландыру хаттамасы;
-
Көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
-
Сақтандырылған КҚ басқаруға арналған сенімхаттың көшірмесі (автокөлікті сенімхат бойынша басқарған жағдайда);
-
Сақтандырылған КҚ басқарған адамның жүргізуші куәлігінің көшірмесі;
-
Сақтандырылған КҚ басқарған адамның жеке куәлігінің көшірмесі;
-
Залал мөлшерін растайтын құжаттар, зақымдалған сақтандырылған КҚ бағалау туралы есеп, жөндеуге, қосалқы бөлшектерге арналған шот, зақымдалған бөлшектердің фотосуреттері;
-
Пайда алушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтініші.
* Сақтандыру бағдарламасына сәйкес өзге де құжаттар көзделуі мүмкін.
Өрт кезінде:
-
Көлік құралының қозғалтқышын сөндіру;
-
Көлік құралынан шығу;
-
Оқиға туралы шартта көрсетілген телефон арқылы хабарлап, өрт орнына өртке қарсы қызмет қызметкерлерін шақыру. Өртке қарсы қызмет қызметкерлері келгенге дейін, егер бұл өмірге қауіп төндірмесе, қолдағы құралдармен өртті сөндіруге кірісу.
-
Өрт туралы Сақтандыру компаниясының Call centre-іне шартта көрсетілген телефон арқылы хабарлап, оқиға орнына авариялық комиссарды шақыру;
-
Өртке қарсы қызмет органдарынан тиісті рұқсат алынғаннан кейін зақымдалған автомобильді сақтау орнына тасымалдау және оны бағалаушы мен Сақтандырушының өкілдері қарап шыққанға дейін өрттен кейін қандай күйде болса, сол күйінде сақталуын қамтамасыз ету;
-
Сақтандыру оқиғасы туралы Сақтандыру компаниясының кеңсесіне 3 жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлау, ауызша өтініш кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша түрде расталуға тиіс;
-
Сақтандыру компаниясына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсыну.
Құжаттар тізбесі:
-
Сақтандыру жағдайы туралы өтініш;
-
Полистің немесе сақтандыру шартының көшірмесі;
-
Өрт туралы актінің көшірмесі;
-
Өрт-техникалық сараптама қорытындысының көшірмесі;
-
Өрттің себептерін тергеу нәтижелері бойынша шығарылған түпкілікті іс жүргізу құжаты;
-
Көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
-
Сақтандырылған КҚ басқаруға арналған сенімхаттың көшірмесі (автокөлікті сенімхат бойынша басқарған жағдайда);
-
Сақтандырылған КҚ басқарған адамның жүргізуші куәлігінің көшірмесі;
-
Сақтандырылған КҚ басқарған адамның жеке куәлігінің көшірмесі;
-
Залал мөлшерін растайтын құжаттар, зақымдалған сақтандырылған КҚ бағалау туралы есеп, жөндеуге, қосалқы бөлшектерге арналған шот, зақымдалған бөлшектердің фотосуреттері;
Ұрлау кезінде
-
Ұрлау туралы дереу шартта көрсетілген телефон арқылы хабарлау;
-
Сақтандыру оқиғасы туралы Сақтандыру компаниясының кеңсесіне 3 жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлау, ауызша өтініш кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша түрде расталуға тиіс;
-
Сақтандыру компаниясына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсыну.
Құжаттар тізбесі:
-
Сақтандыру жағдайы туралы өтініш;
-
Сақтандыру шартының түпнұсқасы;
-
Сақтандырылған КҚ техникалық паспортының түпнұсқасы;
-
Сақтандырылған КҚ-ға орнатылған дабылдың кілттері мен брелоктарының толық жиынтықтары;
-
Сақтанушының жеке куәлігінің көшірмесі;
-
Оқиға фактісі бойынша ішкі істер органдарына берілген өтініштің көшірмесі;*
-
Оқиға орнын қарап-тексеру хаттамасының көшірмесі;
-
Қылмыстық іс қозғау туралы қаулының көшірмесі;
-
Іс бойынша жәбірленуші деп тану туралы қаулының көшірмесі;
-
Күдікті болған жағдайда — айыпталушы ретінде тарту туралы қаулының көшірмесі;
-
Істің нәтижесін айқындайтын іс жүргізу құжатының көшірмесі: қылмыстық істі қозғаудан бас тарту, оны тоқтата тұру туралы қаулы не соттың үкімі;
"Абандон" (сақтандырылған КҚ табылмаған жағдайда Клиенттің сақтандырылған КҚ-дан мүлік ретінде сақтандыру компаниясының пайдасына бас тартуы), ал егер КҚ зақымдалған күйде табылса, осы қызмет түріне лицензиясы бар сарапшы жасаған қалпына келтіру жөндеуінің құны туралы есепті ұсыну қажет.
* Клиент ұсынатын уәкілетті органдардың құжаттары түпнұсқада ұсынылуға тиіс; құжаттардың көшірмелері ұсынылған жағдайда, олар нотариат арқылы немесе құжатты берген мемлекеттік органның не ұйымның жауапты адамының мөрімен және қолымен куәландырылуға тиіс.