Автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
20 маусым 2011 Оқу: 2 мин Қаралымдар: 5 845
ЖКО кезінде
ЖКО болған кезде:
-
Апаттық тоқтау белгісін қосып, содан кейін жол-көлік оқиғасы туралы жол полициясы қызметкерлеріне 112 телефоны арқылы хабарлау. Жол полициясы қызметкерлері келгенге дейін көлік құралын жылжытпау және оқиға орнынан кетпеу.
-
ЖКО туралы Сақтандыру компаниясының Call-centre-іне полисте не жадынамада көрсетілген телефон арқылы хабарлау.
-
Зақымдалған көлік құралын (зақымдалған мүлікті) Сақтандыру компаниясының өкілі қарап шыққанға дейін сақтандыру оқиғасы нәтижесінде қандай күйде болса, сол күйінде сақтау
-
Ықтимал залалды азайту үшін барлық мүмкін шараларды қабылдау.
-
Сақтандыру компаниясының жазбаша келісімінсіз ақшалай төлемдер жасамау және мәлімдемелер бермеу
-
Сақтандыру оқиғасы туралы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандыру компаниясының кеңсесіне хабарлау, ауызша өтініш кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша расталуы тиіс.
-
Сақтандыру компаниясына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсыну.
Құжаттар тізбесі:
Сақтандыру компаниясының клиенті:
-
Сақтандыру жағдайы туралы өтініш;
-
Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туындаған тұлғаның сақтандыру полисі (оның телнұсқасы);
-
Сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжат;
-
Сақтанушының (сақтандырылған адамның) немесе көлік құралын басқарған тұлғаның жүргізуші куәлігінің көшірмесі және оның осы көлік құралын басқару құқығын растайтын құжаттың көшірмесі, оның ішінде көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
Жәбірленуші:
-
жәбірленушінің өміріне, денсаулығына зиян келтіру фактісі болған жағдайда жәбірленушінің уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасының көшірмесі немесе мүгедектік белгіленген жағдайда жәбірленушінің мүгедектігін белгілеу туралы мамандандырылған мекемелер анықтамасының көшірмесі;
-
жәбірленушінің қайтыс болуы туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;
-
пайда алушының зиянның өтелуіне құқығын растайтын құжат (көшірмесі);
-
көлік құралын бағалауды ұйымдастыруға өтініш;
-
тәуелсіз сарапшы жүргізген келтірілген зиян мөлшерін бағалау жөніндегі құжаттар;
-
пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін) немесе заңды тұлғаның өкіліне берілген сенімхаттың түпнұсқасы;
-
сақтандыру төлеміне өтініш.